- Гендрі психология пәнінің міндеттері.
- Гендерлік психология әдістері.
«Гендер» деген сөз әлеуметтік жыныс деген мағынаны білдіреді. Гендрлік психология ерлер мен әйелдердің айырмашылықтарын және ұқсастығын зерттейтін ғылым. Жыныспен байланысты болатын психиканың ерекшеліктері гендрлік психологияның пәні болып табылады. Оларды нақтылаумен гендрлік психологияның бөлімдері айналысады: Үлкен 6 бөлімді атап көрсетуге болады:
- Ерлер мен әйелдерді салыстыру;
- Әйелдер психологиясы;
- Ерлер психологиясы;
- Гендрлік әлеуметтану
- Гендрлік қарым – қатынас психологиясы
- Лидерліктің генрдлік психологиясы.
- Ерлер мен әйел адамдарды салыстыру. Гендрлік психологияның тарихында бұл бөлім әртүрлі атауларға ие болған:
Жыныстық диформизм
Жыныстық дипсихизм
Жыныстық айырмашылықтар
Гендр айырмашылығы
Ерлер мен әйелдер, ұлдар мен қыздар әртүрлі параметрмен салыстырылады. Бұл жерде тек айырмашылықтар ғана емес сонымен қатар ұқсастықтарында тапқан жөн. Бұндай салыстырудың мақсаты жыныстардың өзіндік ерекшеліктерін ерлер мен әйелдердің спецификалық ерекшелігін табу.
- Әйелдер психологиясы. Әйел адамдардың психологиясы мен мінез-құлығының ерекшелігін зерттейді: Бұл бөлімде әйелдердің минстриуалдық цикл, жүктілік кезеңінде, босану кезеңінде, климакс кезеңінде психикалық жағдайы баяндалады. Сонымен қоса әйелдер психологиясы пәні реті. Ана болу әсіресе жанұяда әйелдер іскерлігі, әйелдерге тән мамандықтар, оларға тән жұмыссыздық, әйелдерге тән девиантты мінез – құлық және әйелдерге тән спецификалық аурулар қарастырылады.
- Ерлер психологиясы. Бұл бөлімнің пәні әйел адамдарда жоқ психикалық ерекшеліктер болып табылады. Ерлер гармондары олардың қабілеттеріне қалай әсер ететіндігі жайлы тек ерлдерге ғана тән аурулар жайлы қарастырады. Сонымен қоса ерлер өлімінің психологиялық факторларын зерттеу де өте маңызды. Ерлерге тән мамандықтарды зерттеуге болады. Сондай-ақ ерлер топтары – іскерлік, кәсіби топтар, клубтар, компанияларды да қарастыруға болады. Ондай жерлерге әйелдер жіберілмейді.
- Гендрлік әлеуметтану. Бұл бөлімнің пәні әлеуметтану болып табылады: гендрлік рөлдерді меңгеру, гендрлік мендік немесе осы процеске гендрлік стериотиптерді қалай әсер ететіні қарастырылады.
- Гендрлік қарым – қатыснас психологиясы. Бұл бөлімде гендрлі қарым – қатынас түрлері, ерекшеліктері қарастырылады:
достық, сексуалды, ерлі – зайыпты қатынастар. Сонымен қоса жыныстар арасындағы дивиантт қарым – қатынас.
- Лидерлік: Бұл бөлімді қарым – қатынас деп атау дұрыс емес, себебі, мұндағы ерлер мен әйелдер лидерліктері, олардың бір – біріне болымдылығы, тәуелділігі жеке – жеке зерттеуді талап етеді.
Гендрлік психология міндеттері болып- теориялар мен консепцияларды, әдіс және әдістемелерді зерттеу және кең түрде зерттеу өткізу, ал оның қолданбалы аспектісінің міндеті практикаға жетістіктер мен қорынытындылар енгізу. ХХ ғасыр басында Гендрлік психологияда зерттеу әдісі қолданылды.
- Дөрекі индукция. Бұл әдістің көмегімен әйелдер мен ерлер жайлы айтылған тұрмыстық пікірлер айырмашылықтары талданады.
- Эксперимент. Бірақ бұл әдіс көп қолданылмайды.
- Дидукция әдісі. Жалпы психикалық жетістіктері мен ондағы заңдылықтар зерттеушілерге жыныстарын ескеру арқылы қолданылады. Бірақ мұнда спицификалық еркшеліктері ескерілмейді. Бұл әдісті көбінесе Франция ғалымдары қолданады.
- Географиялық әдіс. Бұны тарихи ағартушыларды талдауға қолданады. Әсіресе әйелдерге қолданады. Себебі әйелдер арасындағы тарихи тұлғалар аз, өйткені ерлерге қарағанда әйелдерге атаққа ие болу қиындық әкеледі.
- Анкета – құнды әдіс саналады. Бірақ зерттеушілерге кейбір ерекшерілтерін ескеру қажет болды. Мысалы, олардың эмоциялық – қазіргі кезде гендрлі психологияда психологиялық әдістердің көп түрі қолданылады.
Бақылау, эксперимент, анкета, интервью, тест, модельдеу. Бірақ бұлардың барлыы гендрлік мәселені шешуге тиімді бола бермейді.