Христиан діні

 

 

  1. Христиан дінінің пайда болуы.
  2. Христос тұлға ретінде.
  3. Христиан дінтануы
  4. Христиандықтың бөлінуі.

Христиандық – I ғасырда пайда болған әлемдік дін, оның аты да, басталуы да Палестинаның солтүстігіндегі Галилеядағы Назарет деген шағын қаладан шыққан діни ұстаз және уағызшы Иисустың (еврейше – Иешуа, арабша – Ғайса) есімімен байланысты. Ол өзінің Христос есімін Құдайдың жер бетіне жіберген елшісі, мессия ретінде алған (“Христос” – көне еврей тіліндегі “Мессияның” баламасы).

Иисус Христос тарихта болған адам ба, жоқ па деген мәселе төңірегінде ғалымдар арасында әлі күнге талас көп. Бұл мәселеде екі түрлі ғылыми бағыт айқындалды: бірі – Иисус деген миф, мұндай адам болмаған деген мифтік бағыт.

Діншілдер де, дінді жоққа шығарушылар да Ғайсаның өмірі туралы мәліметтерді ол өлген соң ондаған жылдардан кейін жазылған Евангелиелерден алады. Бұл кітаптардың мақсаты – христиан дінінің негізін салушының өмірбаянын жазу емес, жер бетіне Құтқарушының, құдайдың сүйікті Ұлының келуін, оның қызметін, өлімі мен қайта тірілуін жария ету (“Евангелие” грек тілінде “шапағатты хабар”).

Ғайса пайғамбарлық отыз жасында келеді. Мұның алдында ол адамдарды күнәдан арылту үшін Иордан өзенінің суына жұртты шомылдырып, күнәдан тазартып, дін жолына бұрып жүрген иудей пайғамбары Иоанн Шоқындырушымен кездесіп, өзін де шомылдыртты. Ол судан шыға бергенде (дұға еткенде) аспан қақ айырылып, кептер бейнесіндегі Киелі рух оның үстіне қонды да, көктен “Сен менің сүйікті Ұлымсың, мен саған ризамын (шапағат сыйладым)” деген үн шығады. Ол қайда бармасын барлық жерде – 12 елшісі (апостол) еріп жүреді.

Діни аңыз бойынша Ғайса адамдарға білім шырағының сәулесін түсіріп, түрлі ғажайыптар көрсетіп, Палестинаны үш жыл кезді. Бірақ оның жасаған кереметтері емес, екіжүзділікті, қарапайым адамдардың жәбірленуін әшкерелеген уағызы фарисейлерді ашуға булықтырды.

Ғайса Иерусалимге есек мініп енгенде оны халық “Құдай құрметтелсін” деген үндеумен қошеметпен қарсы алды. Мұны естіген иудейлік дін басшылары Ғайсаны тұтқындап, дінсіз, бүлікшіл ретінде дін сотына (синедрионға) табыстауға ұйғарды.

Сот болып Ғайса өлімге кесіледі. Бірақ оны Рим прокураторы Понтий Пилаттың бекітуі керек еді. Ғайсадан жауап алған Понтий Пилат пайғамбардың тергеудегі сөздері мен қимыл-әрекеттеріне таң қалады.

Пайғамбар патшалығының келетінін сәуегейлікпен болжаған Иоан Шоқындырушы (Креститель) осы қауымның мүшесі болған. Қауым біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан жаңа дәуірдің I ғасырының орта кезіне дейін өмір сүрген. Осыған сүйеніп, ғалымдар бұл қоғамды христиандықтың ілгерідегі нұсқасы, ал оның идеологиясын иудаизм мен көне христиандық арасындағы буын деген тұжырымға келді.

Тек II ғасырдың 30-40 жылдарында ғана римдік христиан Маркион христиандық пен иудаизмнің ара жігін ажыратты. Осы кезден бастап қана христиандар өздерін жаңа дін өкілдері ретінде сезіне бастады. “Жаңа өсиет” аталған христиан діни жазбалары осы кезден жинала бастады.

Христиан аңызы бойынша 50-ші жылдардың бас кезінде тұңғыш апостолы соборы (ең жоғары дәрежелі жиын) болып, осында христиандар мен иудейлердің ара жігі біржола ажыратылды.

Бірақ, IV ғасырға дейін христиандық қудаланып келді. Тек 324-ші жылы ғана, император Константиннің тұсында христиандық мемлекеттік дінге айналды.

325-ші жылы император Константиннің төрағалық етуімен Никееде Бірінші әлемдік собор шақырылды. Онда дін Рәмізінің – діни ілімнің негізін құрайтын басты догматтардың (грек тілінен “талассыз мойындалатын қағидалар”) қысқаша тізімінің бірінші үлгісі қабылданды. Бірақ, дін рәмізі түзетулер енгізіліп, 381-ші жылы Константинопольде өткен екінші соборда бекітілді. 

Рим империясының екіге бөлінуі шіркеудің ыдырауына соқтырды. Оған батыста латын, Шығыста грек тілдерінің үстемдік етуі, мәдени дәстүрлердің өзгешелігі бір жағынан себепші болса, екінші жағынан әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделер, ықпал үшін күрес, дін тану мәселесіндегі келіспеушіліктер қосылды. Әсіресе Рим христиан қауымы мен Константинополь қауымы басшылары арасындағы қақтығыс өткір сипат алды. 867-ші жылы Рим папасы Николай I мен Константинополь патриархы Фотий бір-бірінен біржола қол үзді. Осыдан христиандық тарихында әрқайсысының өз жолы бар екі бағыт пайда болды. Батыс шіркеу рим-католик шіркеуі (“католик” – латынша “жалпыға бірдей, әлемдік”) немесе католик шіркеуі деп, ал шығыс – грек-православие (гректің “жалпыға ортақ, әлемдік” деген сөзінен) шіркеуі деп аталды.

XVI ғасырда Батыс Европа жаңа пайда болып келе жатқан буржуазия мен феодализм арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Бұл католик шіркеуіне терең әсер етті. Реформация деп аталған католицизмге қарсы кең қозғалыс орын алды. Осының салдарынан христиандықтың тағы бір тармағы – протестантизм пайда болды. Ол өз ішінен түрлі салаларға бөлінді.

Католицизм. Рим-католик шіркеуі Батыс Европада XVI ғасырға дейін айырықша үстемлік етті.

Католик шіркеуінің басшысы – Рим папасы. Ол апостол Петрдің мұрагері, сол арқылы Ғайсаның жер бетіндегі өкілі болып танылады. Оны кардиналдар коллегиясының жиыны – конклав сайлады. Папа шіркеудің ғана емес, Ватикан мемлекетінің де басшысы. Ватикан Рим территориясында орналасқан. Ол дүние жүзінің көптеген елдерімен дипломатиялық қатынас жасайды. Өткен ғасырдың аяғында Папаның кафедрадан сөйлеген сөздерін күмәнсіз қабылдау туралы догмат қабылданды. Бұл христиандықтың өзге салаларынан католицизмнің басты айырмашылықтарының бірі болып табылады.

Бірақ, католицизмнің ең басты айырмасы – Қасиетті Рухтың Әке – Құдаймен бірге Құдай Ұлының өзінен де таралуы (филиокве – сөзбе-сөз-ұлынан да) туралы түсінік. Бұл түсінік 589 жылы Толедо соборында қабылданды. Сол сияқты католиктер Көне Өсиеттің көптеген кітаптарын бұлжымас қасиетті ілім ретінде қабылдайды. Яғни, Інжілдің редакциясы православиеден гөрі өзгеше.

Аса маңызды догмат – “шамадан артық қажет істер” туралы ілім. Католиктердің түсінігінде шіркеудің ұзақ тарихында Ғайса, Құдай-ана және әулиелер  жасаған игі істер шамадан артылады. Ал Рим Папасы құдайдың жер бетіндегі өкілі болғандықтан ол құлшылық үстіне осы “жақсылықтарды” өзгелерге үлестіріп, құдай атынан кешірім жасайды. Бірақ таубаға келу күнәдан біржола арылта алмайтындықтан игі істердің қажеттен артықтығы теориясына индульгенция беру тәртібі орнықты. Индульгенция латын тілінде қайырымдылық деген сөз. Индульгенция немесе Папаның арнаулы грамотасы осыған дейін жасаған және болашақта жасауы мүмкін күнаға да кешірім береді.

Табыныушылардың мақсаты – діншілдердің сана- сезіміне әсер ету. Сондықтан христиан діні басқа діндер сияқты табыну салттарына көп көңіл бөледі. Оның әдеп ғұрыптары “Жеті құпия сыр” деген атпен белгілі. (шоқыну, хош иісті май жағу, жалбарыну, құдаймен қатысу, некелесу, қол қусырып мінәжәт ету және шырша майымен тазарту.)

         Шоқындыру — құпия сырлардың бріншісі. Дін иелері бұл ғұрыпты адамның болашақ қасиетті рухани өтуінің салтанатты кезеңі дейді. Тек христиан дініне тән деп уағыздайды. Шын мәнісінде шоқындыру ғұрпының ертедегі магиялық сиқырлық сенімдерден алғанын көреміз.Судың тазартқыштық қасиетіне сенуХристиан дінінен кейіннен енген.

         Христиан діні әр бағыты шоқындыруды өздерінше түсінеді. Котолик пен провословие әртүрлі жолмен өткізеді. Провославие шіркеуінде нәрестені үш рет суға салып алады, он котоликтерүстіне су құяды немесе су шашады, бұныда Протестонттар шоқындыруды құпия сыр деп санамайды және бұл ғұрыпты есейгенде, адам не үшін шоқынатынын түсінгенде ғана өткізуге болады деп үйретеді.

         Құдай қатысу– дегеніміз сырлар расында маңызды орын алады. Христиан дінінің аңызы бойынша Құдай қатысудыХристостың өзі атаған, нан мен шарапты әулиелі қасиетке толтырған. Діншіл адамдар шіркеуде таратылатын бір үзім нанды жеп, котолицизмге немесе шарапқа ашыған нан араластырып бір қасық ұрттаса құдайға жақын болады депуағыздаған.

         Жалбарыну діншілдер өздерінің әр түрлі күнәларын шіркеу иелеріне айтуы керек. Ал ол құдай атынан кешірім береді. Бұл ғұрып адамның күнәларын дәлелдеуге негізделген.

         Хош иісті май шығару- шоқындырудан кейін орындалатын ғұрып. Адамның денесін арнайы иісті маймен (миромен) майлайды, сонда адамға құдайдың рахметі көшпек. Оның алдында  сол адамға рух- құдай енгені туралы бата оқылады.

Христиандық некелесу ғұрпы деп- ертедегі діни ырымдардан алынған Бұл ғұрып, құпия сыр қатарына бертін XIV ғ. енген. Жас семияның бақытты, болашағы беріктігі шіркеулік неке қиюда деп үйретті дін иелері.

         Жеті құпия сырдың біреуі – май жағу (шырша майы). Бұл ғұрып ауырып жатқан адамға шырша майын жағу арқылы құдай рахметін әпереді дейді. Католиктер май жағуды өлейін деп жатқан адамды шығарып салудың ерекше формасы деп есептейді.

         Әулиелікке баулу да Христиан дінініде ерекше мән беріледі, өйткені дін қызметіне дайындау, дін қызметкері ету маңызды мәселе. Әулиелік тек дін иелеріне тән қасиет сондықтан әулиелікке баулу да құпия сыр уағыздау қатарына жатады. Православие, Котолик  жеті құпия сырды толығымен мойындайды Протестанизм олардың тек екеуін – шоқындыру мен причашениені- қажетті діни ғұрып деп санап құпия деп санады.

         Христиан крест пен иконаға табыну әулие жерлерді табынд т.б.

         Христиан дінінің басты мейрамы: Посха, Тройца, Рождество христова. Аңыз бойынша пасха, Христостың қайта тірілуіне байланысты шыққан мейрам. Тарихи фактілер пасханың ертедегі еврейлердің табыну салтынан алынғанын  иудализм мейрамдары элементтерін пайдаланғанын көрсетіп отыр.

         Екінші ірі мейрам – Рождество Христова. Провословие шіркеуі рождество  мейрамын 7 қаңтар, Католик шіркеуі 25 желтоқсанда өткізеді.

         Тройца – құдайдың бірлігіне (әке- құдай, бала құдай, рух құдай) арналған мейрам. Кейде оны 50-інші күн деп атайды, өйткені бұл мейрам пасхадан кейін 50 күн өткеннен соң тойланады.

         Евангелистік христиан  баптистерді (ЕХБ)  4 сектадан тұрады. Ресми шіркеуден бөлініп шыққан ағымдар секта деп аталады.Баптизм 1611 ж. Гол- ды  ағылшындар араларында пайда болды. Олардың діни ілімі Лютер мен Кальвин қағидаларын қосақтай  пайдалануға негізделген. Олар Тройцаны христостың құдай тектес екендігін мойындағанымен, шіркеудің адамдар мен құдай арасындағы байланысшы болатынына, иконға бас июге, крест әулиеге сыйынуға, монохтыққа қарсы.

         Кейінгі протестантеум деп аталатын жіктер (секталар) бар. Оларға – баптистер, методистер, менонистер, квакерлер, адвентистер, 50-іншілер т.б. бұл қазақстанға Баптизм  орыс шаруаларының қоныстануымен 19 ғ. аяғында енді. Бұл  қауым мүшелерінің  әрбір мүшесі құдайға құлшылық етуге тұрақты түрде қатысып тұруы міндетті.

         Баптизмге жақ дін адвентизм ол 19ғ. Америкада пайда болды. Олар жанның мәңгілік өмір сүруіне сенбейді. Жан қатерлі сот уақытында қайта тіріледі де, күнәлілер азап шегіп күнәсіздер Христос денесімен мәңгілікке айналады дейді. Адвен Христос мейірамын қажетсіз деп Сенбіні қасиетті күн деп уағыздайды.

         Иегованың күналары деп секта 19ғ. Америкада пайда болды . Иогвистер Христостың құдайлық мәнін, о дүние өмір барлығын бекер дейді. Олар тек бір ғана құдай Иегованы мойындайды. Сонымен бірге иогвистер ХР көзге көрінбейді 1914 жылы  жерге екінші рет келіп түсті , енді шайтанмен соғысқа дайындалып жатыр дейді.

         Армагедан (қасиетті соғыс) шайтан мемлекетін барлығын құртып, оның орнына Христос басқаратын теократиялықжаңа мемлекет орнатады деген иеговистер.

         Неострион дінінің, өздері бөлініп шыққан Христиан дінінің ерекшелігі бір құдайға табынады, Иса пайғамбарды Құдайдың ұлы емес құлы және елшісі деп  Марияның баласы ретінде тануында.

Әдебиеттер:

Крывелев И.А. Библия: Историко-критический анализ. М., 1985.

Миркина 3.,Померанц Г. Великие религии мира. М.,1995.

Ранович А.Б. Первоисточники по истории раннего христианства. Античные критики христианства. М.,1990.

Ренан Э. Жизнь Иисуса.М. 1991.

Свенцицкая И.С. Раннее христианство: страницы истории. М.,1987.

Один комментарий к “Христиан діні”

Добавить комментарий для аиғаным Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *