- Генеология ұғымы және ғылым ретінде қалыптасуы.
- Генеологияның міндеттері және арнаулы пәндермен ба йланысы.
- Теоретикалық генеология. Шежіре ұғымы және түрлері, маңызы.
- 19ғ.генеология тарихнамасы.Қазақстандық ғалымдардың генеологияны зерттеуі.
Қазақ халқы халық ретінде толығымен ХVI ғасырдың соңымен XVII ғасырдың басында қалыптасуын аяқтады. Өйткені, дәл осы кезеңдерде Қазақ хандығының территориясында өмір сүрген басқа ордалар ыдырап, олардың құрамындағы тайпалар Қазақ халқының құрылымын аяқтады.
«Қазақ» атауы туралы болжамдар мен зерттеулер. Қазақ жүздері. Этникалық территориясы.
Жәнібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қамтуындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте «қазақ» атауы этникалық мәнге ие болады да, Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның әбден қалыптасқан түркі тектес халқының этнонимі ретінде қолданыла бастайды. «Қазақ» атауы туралы, Абай, Шәкәрім, Шоқан зерттеулерімен қатар, С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтановтың арнайы зерттеулері бар. Атаудың қалыптасуы туралы болжамдар өте көп. Қазақ халқы халықтың бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт ХІV-XVғғ. жеке мемлекеттер жүйесіне кіргені жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық торабы пайда болады. Қазақ жүздерінің әрқайсысының тайпаларының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, жоғарыда аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлегімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы жүз: Сырдариядан бастап, Жетісу жерін түгел жайлады. Құрамына; үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ошақты, шапырашты, жалайыр ж.б енеді. Орта жүз: Орталық Қазақстан мен Солтүстік – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін мекендеді. Құрамына; найман, керей, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлық т.б. Кіші жүз: Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлегі. Құрамына; алшын, адай, алаша, байбақты, жаппас, таздар, қарасақал, қаракесек (әлімұлы) т.б.
ІХ ғ басында оғыздардың көсемі қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег тайпаларын ыдыратты. Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірі даласын басып алады. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий даласының үнді-еуропа және фин-угор тектес ежелгі (негізінен түріктенген) этникалық компоненттері және сонымен бірге Жетісу мен Сібірдің: халаджылар, жагарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлар, баяндұрлар, кайлар секілді көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары да кіреді. Қытай деректерінің жазбаларына қарағанда, оғыз тайпаларының құрамына – баяндұрлар, имурлар және кайлар кірсе, араб деректері оғыздардың қатары имақ-қимақ тайпаларымен де толықтырылып отырғандығын айтқан. М. Қашғаридың дерегі бойынша, оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрса, ал Әл-Марвази олардың 12 тайпадан тұрғандығын жазады. Егер 24 тайпадан құрылған кезі оғыздардың алғаш әртүрлі тайпалардан жаңа қалыптаса бастаған кезін көрсетсе, ал 12 тайпалық кезі ол кейінгі мерзімін көрсетеді. Бұл заңды құбылыс. Ол тайпалардың бір-бірімен қосылып, саны азайып, халықтық дәрежеге көтерілген кезеңі.
Бекіту сұрақтары:
- Ғылыми пән ретінде «Палеография» қай ғасырда пайда болды
- Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі қай жерде қалыптасқан
- Біздің еліміз жазу граяикасын қай түрін қолданып келеді
- «Грузин палеографиясы» нешінші ғасырда жеке дара ғылым ретінде қалыптаса бастады
Қолданылатын әдебиеттер:
- Дүйсенов М. Сағанатас сырлары. А, 1992
- Завельский Ф.С. Время и его измерения. М, 1987
- ИскаковМ. Халық календары. А, 1980