Қазақстанда реформа жүргiзудiң себептерi және оны әзiрлеу барысы

  1. Қазақстанда реформа жүргiзудiң себептерi және оны әзiрлеу барысы. 1822 және 1824 жыл- дары жүргiзiлген реформалар ХIХ ғасырдың 60-жылдарына қарай бiрте-бiрте жарамсыз бола бастады. Ресей империясы Қазақстан жерін толық отарлап, әкімшілік жағынан бағындыруды ойлас- тырды. Сондықтан да жаңа реформалар жүргiзудiң қажеттiлігi туындады.

Өлкенiң  өзiндiк  ерекшелiктерiн  зерттеу үшiн және оны басқару туралы ереженiң жобасын әзiрлеу мақсатымен «Дала комиссиясы» құрылды. Оның құрамына ресейлiк шенеунiктер мен офицер- лер кiрдi. Жаңа ереженi жасауға қазақ ақсүйектерi қатыстырылмады. 1867 жылы II Александр

«Сырдария мен Жетiсу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге» қол қойды. 1868 жылы «Тор- ғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженiң» жобасын да бекiттi.

Басқарудың жаңа ережесiн 1869 жылдың мамырынан бастап енгiзу көзделдi. Әкiмшiлiк реформалардың себептерiн егжей-тегжейлi түсiндiретiн мәлiмдеме қазақ және орыс тiлдерiнде жазылып, таратылды.
1867–1868 жылдардағы реформалар бүкiл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал-губернаторлық әкiмшiлiк құрылды. Әрбiр генерал-губернаторлық облыстарға бөлiндi. Мәселен, Орынбор генерал-губернаторлығы – Орал және Торғай облыстарын, Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығы – Ақмола және Семей облыстарын, ал Түркiстан генерал-губернаторлығы – Жетiсу және Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екi облыстың құрамына қазақ жерiнiң едәуiр үлкен бөлiгi, сондай- ақ қырғыз және өзбек жерлерiнiң бiр бөлiгi ендi.
Әкiмшiлiк бөлiнiс былай болды: әр облыс – уездерден, әр уезд – болыс- тардан, әр болыс – ауылдардан тұрды.
Iшкi Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құ- рамына қосылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *