- Қазақ халқының қонақжайлылық қасиетi және өзара көмек жөнiндегi әдет-ғұрыптары. Қазақтарға дәстүрлi қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Бұл қасиет көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан.
Қазақтарда үйiне келген кез келген адамға мiн- деттi түрде тегiн қонақасы беру, оған жайлы төсек- орын салып, қондырып жiберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды.
- Жасы үлкендерге құрмет көрсету. Дәстүрлi қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсiмi ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кiсiнiң қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендiгiне қарамай көрсетiлетiн. Олар барлық мерекелерде, жиын-тойларда құрметтi орындарға, төрге шығарылады. Жина- лыстарда олар елеулi рөл атқарады. Жастар олардың айтқан сөзiн жерге тастамай, мүлтiксiз орындайтын. Жас жiгiт үшiн үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең жоғары марапаттың белгiсi саналатын. Кiшi iнi үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетiнше ешқашан отырмайтын.
- Бата беру. Қазақтарда бата беру әдет- ғұрпы ертеден сақталған. Бата беру кейде өлеңмен, кейде көркем қарасөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. Батаны елге сыйлы, аузы дуалы ақсақалдар берген. Олар елге тыныштық, әр отбасына аман- дық, келер ұрпақтың бақытты, саналы азамат болуын тілеген. Сонымен қатар үлкен іс бастар- да, жауға, жолға, аңға т.б. сапарларға аттанарда бата беріледі.
- Қазақтардың ұлттық болмысы. Сол заман- ның зерттеушілері көшпелілердің отансүйгіштік қасиеттерін ерекше атап көрсетеді. Олар қандай жағдай болса да атақонысын тастамауға тырыс- қан. «Өзге елге сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақал осы себепті айтылған.
Дала халқы әрдайым өзін еркін ұстады. Олардың өз руластарынан құл ұстауына далалық әдет заңы бойынша тыйым салынды. Жатжерліктердің қол астындағы өз жерлестерін қайтарып алған жағдайда, баласы ретінде асырап алып, әулеттік шежіресіне қосқан. Олардың жеке басына бостандық беріп, үйлендіріп, өз алдына отау етіп бөлек шығарған. Жекебас еркіндігі, шұрайлы жайылымдардың мол болуы, дәулетті адамдарды құрмет тұту дала халқының байлыққа деген ұмтылысын қалыптас- тырды. Үлкендер жастарға ақыл мен бата бергенде, оларға «бақ-дәулет пен бақыт» тілеген.
- Қазақтың поэтикалық өнері, әнші-композиторлар. Біржан сал Қожағұлұлы (1834–1897). Қазақстанның солтүстік өңірінде дүниеге келді. Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Жас кезінен-ақ ән салуға, өз жанынан ән шығаруға бейім еді. Ақын, саз- гер әрi әншi ретiнде ел арасында кеңiнен танылды. Екi сыныптық қа- зақ-орыс мектебiнде сауат ашты, содан соң Петропавл қаласындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, шағатай тiлдерiн жақсы бiлдi. Бiржан сал көптеген лирикалық әндер шығарды. Оның музыкалық-ақындық шығармашылығында демократиялық сипат айқын байқалады. Бiржан- ның әндерiнде әділетсіз, сараң байлар мен болыстардың озбырлығы әш- кереленедi. Ақын әйелдердiң теңсiздiгiн жою жөнiнде жар салды. Бiржан салдың «Айбозым», «Ақ тентек», «Бiржан сал», «Ғашығым», «Айтбай» т.б. 40-қа жуық әнi бар.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгiлi тұлғалардың бiрi аса көр- нектi ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы (1835–1929) болды. Ол Баянауыл округiнiң Ақ- шоқы деген жерiнде дүниеге келген. Алғашқы са- уатын ауыл молдасынан ашып, кейiн Омбыда оқып бiлiм алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйрендi. Көрнектi орыс ақын- жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Жаяу Мұса өзiнiң өлеңдерi мен әндерінде жергiлiктi болыстардың зорлық-зомбылықтарын, патша үкiметі- нiң отаршылдық саясатын батыл әшкереледi. Оның атақты «Ақ сиса» әнi әлеуметтiк әдiлетсiздiкке қарсы наразылықтан туған. Ол өзiнiң отаршыл үкiметке қарсылығы үшiн «қырдағы қауiптi адам» ретiнде сотталып, Тобыл қаласына жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сiбiр генерал-губернаторына хат жазып, өзiн әскерге жiберу жөнiндегi өтiнiшiн жолдайды. Оның бұл тiлегi қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда, Новгородта, Мәскеуде, Вла- димирде және Петербургта, сондай-ақ Польша мен Литвада әскери қызметте болады. Ол «Толғау», «Боз- торғай», «Жанбота», «Ғашығым» сияқты 60-тан астам ән шығарады.
Қазақ халқының атақты ақыны, композитор-әншi
Ақан серi Қорамсаұлы (1843–1913) Қазақстанның солтүстiк өңірінде дүниеге келдi. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейiн Қызылжар қаласындағы медреседе оқыған. Ол бала кезiнен өлең шығарып, музыкамен әуестене бастайды. Қасына ерген талантты жастармен ауыл-ауылды аралап ән салып, домбыра тартады. Халық оны құрмет тұтып, серi атаған. Ол музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Оның бiзге 40-тан астам әнi жеттi. Ақан серiнiң «Алты- басар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндерi жан тебiрентерлiк әсерлi, сазды келедi. Ақан серiнiң шығармашылығына қатты әсер еткен жағдай сүйiктi тұлпары Құлагердiң қаскөй зұлымдардың қолынан өлтiрiлуi едi. Ақан серiнiң әндерiнде қоғамдық өмiрдiң әлеуметтiк мәселелерi, ел билеген әкiмдердiң озбырлық әрекеттерi шебер бейнеленедi.
Бұл кезеңде басқа да дарынды ақын-компози- торлардың талантты шоғыры өмiр сүрiп, еңбек еттi, шығармашылықпен айналысты.
- Дәулескер күйшiлер. Қазақтың музыка өнерiн нотаға түсiру ХIХ ғасырдың аяқ кезiнде ғана бастал- ды. Оған дейiнгi қыруар мол музыкалық мұрамыздың бiрқатары, өкiнiшке қарай, заманымызға жетпедi.
Қазақтың аса ұлы күйшiсi, күй атасы Құрманға- зы Сағырбайұлы (1823–1889) Бөкей Ордасының Жи- делi деген жерiнде дүниеге келген. Бала кезiнен-ақ музыкалық дарыны бар екенiн танытты, өз бетiнше алуан түрлi күйлердi тартып үйрендi. Болашақ дәу- лескер күйшiнiң жастық шағы жоқшылықтың зар- дабын тартып, ел аралаумен өттi. Сондықтан да ол өзiнiң күйлерiнде қарапайым адамдардың өмiрiн, тұрмыс-тiршiлiгiн суреттедi, қайырымсыз байлар- дың қылығын әшкереледi. Құрманғазы қазақ күй- лерiн шебер орындаумен қатар, домбырада орыстың «Коробейники» («Қыдырма саудагерлер»), «Светит месяц» («Айдың сүттей жарығы») деген әндерiн де құйқылжыта орындады. Бiздiң заманымызға оның сазгерлiк туындылары – 60-қа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезiмге толы күйлерi жеттi. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ киiк», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кiсен ашқан», «Қайран шешем» сияқты күйлерi – халық сүйiп тыңдайтын та- маша туындылар. Құрманғазының күйлерi халқымыз- дың мәдени дамуына қомақты үлес болып қосылды.
Талантты және халық арасына кеңiнен танымал, аса көрнектi композиторлардың бiрi – Дәулеткерей Шығайұлы. Ол өз заманының бiлiмдi азаматтарының бiрi болды. Билеушi-сұлтан деген лауазымды әкiм- шiлiк қызмет атқарды. Бiрақ мұның өзi сазгерлiк шығармашылықпен айналысуына кедергi бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелiк билiктен гөрi өз ортасында күйшiлiк өнердiң алтын дiңгегi болған. Халық ара- сында оның «Жiгер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдiрме» сияқты күйлерi кеңiнен тараған. Күйшi-сазгердiң бiздiң заманымызға дейiн 40-қа жуық күйi жеттi.
Қазақтың ХIХ ғасырдағы аспаптық музыкасына қомақты үлес қосқан сазгер-күйшi Тәттiмбет Қазанғапұлы (1815–1862) Қарқаралы өлкесiн- де дүниеге келген. Қарқаралы сыртқы округi Нұрбике-Шаншар болысында болыстық қызмет те атқарды. Ресей императоры II Александрды ұлықтау рәсiмiне қа- тысқан. Тәттiмбет Қазақстанды зерттеушi ғалымдар Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, А. Янушкевичтермен таныс болған. Ол халық арасына кеңiнен тараған «Сарыжайлау», «Былқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» сияқты әсерлi көркем лирикалық күйлер шығарды. Талантты сазгер өз туындыларында қазақ жерiнiң, оның өзендерi мен көлдерiнiң, таулары мен даласының сұлу табиғатын, көркем көрiнiсiн жүрек қылын шерте оты- рып, нәзiк сезiммен бейнеледi. Тәттiмбет күйлерi қазақ халқының музыкалық өнерiн барынша байыта түстi.
Қазақтың күй өнерiн қобызда құйқылжыта шебер орындайтын дәулескер күйшi Ықылас Дүкенұлы (1843– 1916) Қарағанды облысының аумағында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесi Дүкен қобыз тартқан, ал ата-бабаларына да жыршы, бақсылық өнер дарыған. Ықылас патша шенеунiктерi мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» күйлерiн шығарды. Оның «Жезкиiк», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғызаяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан» тағы басқа да ғажайып күйлерi бар.
Қазақтың дәулескер күйшiлерiнiң бiрi – Қазанғап Тiлепбергенұлы (1854–1921). Ол Ақтөбе облысы аумағында дүниеге келген. Бүкiл ғұмырын халықтың сазгерлiк өнерiне арнады. Оның қалдырған мол мұрасының арасында «Ноғайлы босқыны», «Окоп», «Жұртта қалған» сияқты зарлы күйлерi де бар.
- Саяхатшылар мен зерттеушілер еңбектері. ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерт- теуде суреттер, фотоқұжаттар мен сызба деректердің маңызы зор. Ұлы Далада болған саяхатшылар мен зерттеушілер өз еңбектерінде қазақ халқының тарихы мен этнографиялық өміріне қатысты ғажайып фото-туындылар қалдырды. Солардың қатарында Т.У. Аткинсон, Г.Ю. Клапрот, Б. Залесский, А.Э. Брем, И. Кастанье, Л.З. Верещагин, Т. Шевченко т.б. бар.
Ағылшын саяхатшысы, суретші Т.У. Ат- кинсон (1799–1861) 1848–1852 жылдар ара- лығында Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, география- лық зерттеулер жүргізді. «Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер», «Әмудария бойымен саяхат» атты еңбектерінде «Түнгі ауылға ша- буыл», «Аттылы қырғыздардың (қазақтардың) ұрысы» атты суреттер жариялады. Ол суреттерде сол кездегі қазақтардың қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген, киімі, тамағы, қысқы киіз үйі жайлы бірнеше этнографиялық гравюралар келтірілген. Неміс зоологы, саяхатшы А.Э. Брем (1829–1884) 1877 жылғы Сібір мен Солтүстік-батыс Түркістанға саяхаты кезінде Семейде болған. Осы сапары жөнінде «Қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы мен отбасы», «Дала көшпенділері – малшылар» атты еңбектерін жазды. Түрлі гравюралармен безендірілген бұл еңбектерде қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, қонақжайлылығы, ән мен музы- каға ерекше дарындылығы, шешендік өнері жөнінде айтылады. Орыс кескіндемешісі В.В. Верещагин (1842–1904) «Лепсі алқабы», «Шу өзені бойындағы қазақ үйлері», «Алатауда», «Аңшы қазақ» суреттерінде қазақ халқының тұрмысын жан-жақты бейнеледі. Б. Залесскийдің «Қазақ да- ласына саяхат» атты суретті альбомы 1865 жылы Парижде жарық көрді. Суретшінің туындыларында қазақтардың тұрмыс-салты, көне ескерткіштері мен табиғат көрінісі ғажайып бейнеленген.
- Т.Г. Шевченко. Украинаның көрнекті ақыны, суретшісі Т.Г. Шевченко қазақ халқының мәдениетінде өшпес із қалдырды. Ол қазақ халқы өмірінің жарқын көріністерін шығармашылық тұрғыда бейнелеген әлемдегі алғашқы суретшілердің бірі.
Ақын әрі суретші Тарас Шевченко қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне жағымды тұрғыда қарады. Ол қазақ даласының кеңдігі мен әсем табиғатынан алған әсерін өз туындыларында айқын көрсетті. Суретшінің бейнелеу өнері саласында қалдырған мұрасы 450-ге тарта суретті қамтыды, ал соның шамамен 350-ге жуығы Қазақстан тақырыбына, оның табиғатына, адамдарының өмірі мен тұрмыс-тірші- лігіне арналған. Оның ең әйгілі шығармасының бірі «Қазақ қызы Катя» деп аталады. Суретте Новопе- тровск бекініс-қамалының коменданты отбасында қызмет ететін қазақ қызы бейнеленген. Қазақ кедейлерінің азапты ауыр өмірі Т. Шев- ченконың салған суреттерінде шыншылдықпен бей- неленді. «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек», «Боранда» т.б. туындылары дала тұрғындарының күнделікті өміріне арналды.