«…Қазақ әншiлерiнiң арасында әндi ғажап орындайтын талантты жандар бар. Олар әннiң айтылу мәнерi мен әсерiн өздерiнше күшейтiп жiбере алады. Мұның өзi жай ғана ән салу емес, әндi нақышына келтiріп, артистiк шеберлiкпен орындау болып табылады. Қазақ халқы әндерiн өңдеп, көркемдiк қасиетiн арт- тырудан жалығып көрген емес. Соның арқасында қазақ әндерi өзiнше бөлек, әсем болып келедi. Оның әуенiн ести бастағаннан-ақ қазақтардың әлдебiр өзiндiк ғажайып ортасына енiп кеткендей сезiнесiң. Қазақ даласының бiрде аптап ыстық ауасын, бiрде жерiнiң ғажайып сұлу көрiнiсiн көз алдыңа елестеткендей, тiптi
дала өсiмдiктерiнiң аңқыған хош иiсiн сезiнгендей боласың…»
Потанин Г. Н. Үш томдық таңдамалы шығармалары. Павлодар, 2005, 3-том, 116-бет.