Мұнда студенттерге Греция тарихының мақсаты мен міндеттері, мұны оқып үйренудегі кейбір мәселелерге тоқталумен бұл тарихтың кезеңдерін санап өтіп, оларға қысқаша шолулар жасап, Греция тарихының деректері мен тарихнамаларына шолу жасалады. Грецияның табиғаты мен халқы. Мұнда студенттерге Грецияның табиғаты, басқа елдермен салыстырмалы түрде өтіліп, оның ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.
Грецияның халқы туралы деректерге көңіл бөлініп, сол негізде түсіндіріледі.
Ежелгі Греция тарихы ежелгі Шығыс елдері тарихымен бір уақытта және өзара қатынаста дамыды.
Балқан түбегінің оңтүстігінде және соған жақын орналасқан аралдарда б.э.д. ІІІ м.ж. алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның орнына ерте таптық қоғам пайда бола бастады. Алғашқы қоғамдық ұйымдасу Крит, Лемнос аралдарында ертерек басталды. Бұл процестер тайпалардың көші-қонымен ұштасып отырды. Ежелгі грек мифтерінде бұл мәселе көрсетілген. Ежелгі Грек дүниесінде жеке меншіктік нысанның өрістеуі соғұрлым күшті жүрді. Нәтижесінде жеке меншік келеді, қоғамдық топтасуға ойысты. Осындай бірлесу қала-мемлекеттер (полистер) пайда болуына әкелді.Грек қоғамы полистіктер құлдық көзін тапты-соғым, құлмен сауда жасау ісі болды.Антикалық құлдық қоғам өрістеуі осылай басталды.
Ежелгі гректер ІІ м.ж. тарихында тиімді эканомикалық жүйені қалыптастырды, ол негізінен табиғи және еңбек ресурстарын, азаматтық қоғамдық құрылымдарды, республиканың құрылым ойпатындағы полистік ұйымдастықтың, жоғарғы мәдениетті, яғни ежелгі рим мен әлемдік мәдениетке ерекше ықпал еткен төл мәдениетін кеңінен қолданылу арқылы жүзеге асырылды.
Ежелгі грек қоғамының географиялық кеңістігі тарихи даму барысында үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Соған қарамастан ертегрек өркениеті Эгей теңізі аймағы, яғни балқан, кіші азия, Фракиялық жағалаулары және Эгей теңізінің көптеген адамдарын қамтыды.
Б.э.д. VIII-VІ ғ.ғ-б.э.д. аралықта Эгейден бастау алған Ұлы грек жаулап алушылығы Сицилияны және Оңтүстік Италияны, сондай-ақ Қара теңіз жағалауларын қамтыды. Ал Македонскийдің жорықтарынан кейін б.э.д. ІV ғасырын және парсы державасы мен үнді жеріне дейінгі жаулап алушылықтардан соң Эллиндік мемлекет құрылды. Бұл жаңа қосылған жерлерді ертеден әлеміне тиесілі болды. Соған қарамастан негізгі орталық аймақ болып Эгей аймағы қала берді.
Ежелгі Грек өркениетінің этникалық біртектілікті сипатта болуы, оның ерекшелігі Эгей бассейіні мен Балқан түбегі оңтүстік бөлігін гректік халықтар мекендеді. Негізгі төрт тайпаны атаймыз: ахейлер, дорийліктер, ионшіліктер және эолшіліктер. Әрқайсысы өз диалектикасында сөйледі және өзіндік менталитетін сақтап отырды. Ең көне тайпа ретінде ахейліктер саналды. Б.э.д ІІІ мың жылдықтың. соңынан бастап Балқандық грек жерін мекендеп отырған ахейліктер б.з.д. ІІІ мыңжылдықта дорийлік тайпалардың тегеурінінен Македония мен Эллидадан келген. Ахейліктер ассимилиациялығы ұшырады және таулы аймақтарға ығысты. Олар кіші азияның обылыстарында өмір сүрді.
Дорийліктер Пеллопонессияның негізгі бөлігіне (Лаконияға, Миссиния, Аргалида, Эллидаға), Эгей теңізінің оңтүстік аудандарына, Крит пен Розос аралдарына, Кіші Азия түбегіне орналасты.
6.2. Элиаданың негізіндегі материк (Ахейлік) Грецияның хронологиясы.
1) Ерте элладалық кезең (ХХХ – б.з.д. ХХІ ғ.ғ.) — алғашқы қауымның қоғамның үстемдік гректерге дейінгі жұртшылық.
2) Ортаэлиадалық кезең (б.з.д. ХХ – ХVII ғ.ғ.) — Балқандық грецияда грек ахейлердің қоныстануы рулық қатынастардың
3) Кейінгі элладалық немесе микеналық кезең (б.з.д. ХVI-XII ғ.ғ.) — ертетаптық қоғамның пайда болуы және мемлекеттің шығуы, жазудың пайда болуы да, микеналық өркениеттің гүлденуі мен құлдырауы.
Б.з.д. ІІ-І м.ж тоғысында Балқандық Грецияда күрделі әлеуметтік — экономикалық, саяси және этникалық өзгерістер басталды. Солтүстіктен гректің дорийлер баса көктеп кірді Ахейлік мемлекет құлады, жазу ұмытылды , әлуметтік топ тым қарапайымданып кетті. Грек территориясында (Критті қоса) алғашқы қауымдық рулық қатыныстар қайта орнауы, жалпы даму тежелді. Ертеден тарихының жаңа дәуірі — полистің тарихы ескі қатынастардың қайта ыдырауынан басталды .
Ежелгі Грецияның полистік тарихы да үш (3) кезеңге бөлінеді.
1) Гомерлік кезең немесе қаратүнек ғасырлар немесе бастапқы полистік кезең (б.з.б. ХІ – ІХ ғ.ғ.) — рулық қатынастар.
2) Архаикалық кезең (б.з.д. VII-VI ғ.ғ) — полистік қоғам мен мемлекеттің қалыптасқан уақыты. Гректердің Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалауларына қоныстануы. (Ұлы Гректік колонизациялық кезең.)
3) Грек тарихының классикалық кезеңі (б.з.д. V – IV ғ.ғ) — ертегрек өркениетінің гүлденген кезі.
Эллиндік дәуір 3 кезеңге бөлінді:
1) Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы және эллиндік мемлекеттер жүйесінің пайда болуы (б.з.д. IV ғ.30 жылдары — б.з.д. ІІІ ғ 80 жылдар)
2) Эллиндік қоғам мен мемлекеттердің жүйелі қызмет атқаруы (б.з.д. ІІІ ғ 80 жылдры — б.з.б. ІІ ғ ортасы).
3) Эллиндік жүйедегі дағдарыс және оның батысында рим тарапынан, ал шығысында Парфия тарапынан жаулап алынуы (б.з.д. ІІ ғ ортасы — б.з.д. І ғ) .б.з.д. 30 жылы.Греция тарихы аяақталады. Грецияның орнына рим тарихы басталады. Б.з.д. 30-шы жылы римнің эллиндік мемлекет Египеттегі Птоломей династиясы басқарған патшалық жаулап алды.
Үшінші тайпалық топ, аттика-ионилық диалекте сөйлейтіндер Аттиканың, Эгей теңізінің орталық аралдарын Самос, Хиос, Леммос аты және Кіші Азияның жағалауындағы Ионилық облыстарды мекендеді.
Эолиялықтар Беотияда, Фессалияда және Эолида облыстарында өмір сүрді. Сонымен қатар Эгей тіңізі аймақтарында Грецияның этногенезінің түзілуіне қатысқан млеги, пеласги, карийлер ұсақ тайпалар өмір сүрді.
Сондай-ақ таулы ел Франйия – фракийлектер ежелгі грек тарихында өмір сүрді.
Балқандық Греция жерінің басым бөлігі таулы болып келеді, тек 20 %-ті жазықтық сипатта.
Ежелгі грек жері табиғи ресурстарға бай болды: мәрмәр, темір рудасы, мыс, күміс, т.б. Жерінің тастылығына қарамастан мұнда егіншілік пен бау-бақшалық жақсы жолға қойылды.
Ежелгі грек тарихын 3 ірі кезеңге бөлуге болады:
- Ертетаптық қоғам және алғашқы мемлекеттік құрылымдар, б.з.д. 2 мыңжылдық (Крит пен ахейлік грек тарихы).
- Тәуелсіз қала-мемлекеттер – полистердің қалыптасуы мен гүлденуі, жоғарғы мәдениеттің пайда болуы (б.з.б. ХІ-Ivғғ.).
- Гректердің парсы державасын жаулап алуы, Эллиндік қоғам мен мемлекеттің қалыптасуы.
Бірінші кезеңге тән белгілер:
- Ерте мемлекеттік құрылымдар (рулық тайпалық құрылыс белгілері сақталған).
- Ерте Шығыс мемлекеттерімен байланыс.
- Греция территориясында гректерге дейінгі автохтонды халықтардың маңызды роль атқаруы.
- Крит мемлекетінің негізгі халқы – криттіктер.
- Ахей-гректер балқандық грек жерінде үстемдікке ие болуы.
- Крит пен материкті Греция тарихының әрқайсысын 3 кезеңге бөлуге болады. Олар: Микена, Крит тарихы үшін – Минойлық (Литос), ал материкті Греция үшін – Элладалық.
- Минойлық кезеңнің хронологиясы:
- Ерте Минойлық (б.з.б. ХХХ – ХХІІ ғғ.) – таптық қоғамға дейінгі рулық қатынастар үстемдігі.
- Орта Минойлық кезең немесе көне сарайлық кезең (б.з.б. ХХІІ – ХVIII ғғ.) – мемлекеттік құрылымның пайда болуы, түрлі әлеуметтік топтардың қалыптасуы, жазудың шығуы.
- Соңғы немесе кейінгі Миноилық кезең немесе жаңа сарайлық кезеі (б.з.б. XVII – XII ғғ.) – Криттің бірігуі, Криттік теңіз державасының пайда болуы, Криттік гүлдену, Криттің ахэйліктерге бағындырылуы және Критттің құлдырауы.
Ежелгі Греция тарихи деректері.
1) Жазбаша деректері: тарихи шығармалар, көркем әдебиет, ғылыми еңбек, юристициялық құжаттар, хаттар, іскерлік құхаттар, шешендер сөзі, жазылғандар т.т.
2) Материалдық деректер археологиялық, салогиялық ескерткіштер.
3) Этнографиялық материалдар: көне салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, рәсімдерді орындады, түрлі жазбалар, нумизматика.
Әдебиеттер:
- История Древнего Востока.(Под. ред.В.И. Кузищина ) М. 2001.
- История Древнего Востока: Материалы по историографии.(Под. ред. В.И. Кузищина) М.1991
- История Древнего Востока. Т.1: Ранняя древность Т.2:Расцвет древних обществ.Т.3: Упадок древних обществ.(Под. редакцией И.М.Дьяконова , В.Д. Нероновой ) М.1989.
- Источниковедение историиДревнего Востока. (Под.ред.В.И. Кузищина )
- М. 1984.