Қырғыз жеріндегі ежелгі өнер ескерткіштері неолит дәуіріне жатады. Геометриялық өрнекті керамикалық заттар мен жартастарға шегілген жер жырту көріністері қола дәуірінің мұрасы саналады. Қырғызстанның оңтүстігі (Шу-Рабашат, б.з.б.IVғ мен Іғ.) мен солтүстік батысынан (Шатқал өзенінің бойы) елді мекендердің орны ашылды. Оңтүстік және оңтүстік батыс Қырызстаннан б.з.б. І мыңжылдықтың өнер үлгілеріне жататын бояумен салынған суреттері бар ыдыстар, алтын мен қоладан жасалған әшекейлер табылды.
Қырызстанның солтүстік аудандары мен Тянь-Шань тауын мекендеген
Көшпелі Сақ(б.з.б.VI-IIIғ.),Үйсін (б.з.б II ғ.-б.з.V ғ) тайпалары қүрбандық
тақталарын мүсіндерін (Ыстықкөл жағалауы) қоламен әсемдеген.
Шыңғыс хан және оның мүрагерлері үстемдігіне дейін Қырызсеанда
отырықшы және көшпелі тайпалар мәдениеті қатар дамыды (Үзген, Ош,
Күлмесхант.б.), соғдалықтардың бағаналы қүрылыстары (Талас,Шу өзендері
бойында)салынды .Ақбешім қаласынан V-X ғасырларда жасалған сәулеттік
ескерткіштер, кескіндеме, сәңдік-қодданбалы өнер туындылары, Будда бейенелермен әсемделген қола мен алтыннан жасалған белдік тоғалары ұшырасты.
Тянь-Шаньда Түркі қағандығы билік құрған кезде салынған қамал-қорғандардың, керуен сарайлардың қалдықтары сақталған.Краснореченск қаласынан IV-V ғасырлардағы Соғда қамалдары ашылды.Будданың түрлі түспен боялған үлкен (12 метрден астам )мүсіні табылды.
Ою-өрнекпен көркемделген қыш ыдыстар аң және адам мүсіндері, мүсіндік бейнелер отырықшы тайпалар жасаған өнер үлгілеріне жатады.
Көшпелі тайпаларда зергерлік бүйымдар (бүғы, барыс,таутеке пішіндері бейнеленген тоғалар т.б.)жасау қанат жайды.
Қарахан әулеті кезеңіде(IX-XIIғ.)мешіттер,мүнаралар (Боран менҮзгендегі мүнаралар,XIIғ.)Мавзолейлер (Үзгендегі үш мавзолей,XI-XIIғ.)салынды.
Монументті қүрылыстар –Манас мавзолейі (XIVғ.),Ташрабаттағы керуен-сарай(XIVғ.)түрғызылды.
Мемлекттік қырғыз тілі мемлекеттік ұлттық тіл болды.