ӨТІНІМ
Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті заттарды алу, бір адамды спорттық жарыстарға қатысуға сұрау мақсатында (бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып) жазылатын ісқағазының бір түрі.
Өтінімнің құрылымы әртүрлі болады. Өтінім мәтін түрінде және бланк түрінде де толтырыла береді.
Ортақ белгілері:
- Екеуі де арнайы бланкіде толтырылады.
- Алушы мен берушінің ресми атауы көрсетіледі.
- Алушының не алатыны жөніндегі мәліметтер толық жазылады.
Айырмашылықтары:
|
Өтінім |
Тапсырыс |
|
1. Мекемеішілік қатынаста |
1. Мекемеаралық қатынаста |
|
2. Келісімшарт жасау міндетті емес. |
2. Келісімшарт негізінде жасалады. |
|
3. Кепілдік көрсетілмейді. |
3. Кепілдік көрсетіледі (тапсырыс берушінің төлеуге қабілеттілігіне, ал тапсырыс алушының қолында сол тауардың болуына). |
|
4. Біржақты болады. |
4. Екіжақты болуы мүмкін (алмасады, ұсыныс түрінде болады). |
|
5. Тауар бағасы мен саны нақты көрсетіледі. |
5. Тауар бағасы мен санының ең көп не ең аз мөлшері көрсетіледі. |
|
6. Жеткізілім шарты көрсетілмейді. |
6. Жеткізілім шарты көрсетіледі. |
|
7. Төлем шарты көрсетілмейді. |
7. Төлем шарты көрсетіледі. |
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Тапсырыс пен өтінімнің қандай айырмашылығы бар?
- Тапсырыс пен өтінімнің қандай ортақ белгілері бар екенін атаңыз?
- Тапсырыс қандай құжат негізінде жасалады?
- Тапсырыс заңдық күшке ие ме?
- Қай құжатта төлем түріне кепілдік беріледі?
|
БЕКІТЕМІН: ХБА ӘҚД директоры Т.Ермекұлы
Өтінім беруші: Тілдер кафедрасы Қызметі: Кафедра меңгерушісі Аты-жөні: К.С.Құрманбай
Кеңсе заттарын алуға №10 ӨТІНІМ |
||||
|
р/с № |
Атауы |
Қажетті саны |
Бекітілген саны |
Берілген саны |
|
1 |
А-4 форматты қағаз |
3 қорап |
|
|
|
2 |
Қайшы |
3 дана |
|
|
|
3 |
Желім |
2 дана |
|
|
|
4 |
Қалам |
10 дана |
|
|
|
Тілдер кафедрасының меңгерушісі К. Құрманбай (қолы)
Өтінім толтырушы: менеджер Ж.Жомартова (қолы) 05.10.09 (күні, айы, жылы)
Ішкі тел: 555 |
||||
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
, 2-үлгі
|
БЕКІТЕМІН: ХБА ӘҚД директоры М. Жәбішев
Кафедраға жиһаздар және техникалық құрал-жабдықтар алуға №5 ӨТІНІМ
№381-б кабинетке 1. үлкен үстел – 1 2. орындықтар – 3 3. компьютер үстелі – 1 4. сейф – 1
№380 кабинетке 1. компьютер үстелі – 3 2. орындықтар – 16 3. айна – 1
№383 кабинетке 1. орындықтар – 7 (ескімен ауыстыруға) 2. айна – 1
№384 кабинетке (профессорлар кабинеті) 1. тумба – 1
2. айна – 1
№387 кабинетке 1. кітап сөресі – 1 2. орындықтар – 5
Кафедра меңгерушісі С. Ақанаева
12.09.12 |
, 3-үлгі
|
БЕКІТЕМІН: ХБА ӘҚД директоры Т. Ермекұлы Өтінім беруші: Тілдер кафедрасы Лауазымы: Тілдер кафедрасының меңгерушісі Аты-жөні: О. Жарасұлы Кабинет: №383
№29 ӨТІНІМ
Қазақ және орыс тілдері кафедрасына қарасты 346 кабинеттің қалаға шығатын телефон аппаратының жұмыс істемей қалуына байланысты келіп, жөндеп берулеріңізді сұрайды.
Өтінім толтырушы: менеджер Ж. Жомартова Ішкі телефон: 555 12 қаңтар 2012 жыл |
- жаттығу. Төмендегі өтінімнің жазбаша үлгісін қазақ тіліне аударыңыз және толтырыңыз.
|
(на фирменном бланке с реквизитами или с угловым штампом организации)
Директору ГУ «Республиканский центр охраны труда» Минсоцзащиты РК А.Исаеву
Просим оказать методическую помощь по аттестации рабочих мест по условиям труда. Оплату гарантируем.
Руководитель Б.Бейсембиев подпись М.П. |
- жаттығу. Төмендегі өтінім үлгісін қазақ тіліне аударыңыз және
толтырыңыз.
ОБРАЗЕЦ ЗАЯВКИ
на приобретение продукции
Заполняется на бланке организации-Заказчика
« » 20 год № В коммерческую службу
на № от « » 20 года ООО «Синтез ОКА»
Прошу Вас выставить счет на следующую продукцию:
|
№ |
Наименование продукции |
Сорт |
Количество, тн |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ИТОГО |
|
|
Тара поставщика / покупателя* (ненужное зачеркнуть)
Транспортировка будет осуществляться силами Поставщика, силами Заказчика, железнодорожным транспортом** (ненужное зачеркнуть)
Банковские реквизиты:
ИНН КПП
Банк
Тел/факс Заказчика (куда направить счет):
ФИО и телефон исполнителя:
Подпись руководителя
*Если отгрузка будет производиться в тару Покупателя, необходима справка о чистоте тары.
**Если транспортировка будет осуществляться железнодорожным транспортом, то необходимы отгрузочные реквизиты предприятия-полу- чателя для расчета тарифа.
- жаттығу. Төмендегі өтінімнің жазбаша үлгісін қазақ тіліне аударыңыз және толтырыңыз.
Орынғазы Әбутәліп
ç Тапсырмалар:
- Денешынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісінің атынан спорттық жарысқа қатысатын студентті сабақтан босату туралы Оқу ісі жөніндегі проректордың атына өтінім жазыңыз.
- Денешынықтыру және спорт кафедрасы меңгерушісінің атынан тиісті орынға спорт жабдықтарын сұрап өтінім жазыңыз.
- Студенттердің конференция материалдарын шығару үшін баспаханаға өтінім жазыңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері:
өтінім – заявка
мекеме ішінде – внутри учреждения тауардың атауы – наименование товара тауардың саны – количество товара жиһаздар – мебель
біржақты – односторонний