, Анықтамасы:
Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, бай- ланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген ісқағазының бір түрі.
Визит карточкасы – іскерлік қатынас үшін өте керек ісқағазы.
Визит карточкасының қызметі:
Таныстыру Байланысу
Іскерлік қарым-қатынас құру Бірігіп жұмыс жасау
6 Құрылымы:
- Логотипі.
- Аты-жөні (тегі үлкен әріппен жазылады).
- Тек ресми атқаратын қызметі («Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды).
- Ғылыми дәреже немесе әскери атағы.
- Жұмыс орнының толық атауы, мекенжайы.
- Байланыс телефондары, e-mail, факс.
Түрлері:
- Жеке
- Коммерциялық мақсаттағы
Мақсаты:
- Мәлімет беру
- Жарнама жасау үшін
- Визит карточкасы (Buziness card) өлшемі 50×90 миллиметрлік қатты қағазда жасалады.
- Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әртүрлі болуы мүмкін.
- Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына қарай жасалады.
Карточкаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
- Визит карточкасының көлденеңінен жасалғаны дұрыс, себебі тігінен жазу оқуға ыңғайсыз болады.
- Тегі үлкен қалың әріппен теріледі.
- Міндетті түрде мекенжайы, байланыс телефондары, факс, электрондық поштасы көрсетіледі.
Визит карточкасын беру және алу әдебі (этикеті)
- Кездесу кезінде визит карточкасын міндетті түрде кездесудің аяғында емес, басында бір-біріне тапсырады.
- Визит карточкасын ең алдымен жасы немесе дәрежесі кіші адам береді. Ал екеуінің дәреже, жастары бірдей болса, кездесуге мүдделі адам бірінші ұсынады.
- Визит карточкасын орнынан тұрып тапсырады.
- Визит карточкасын қабылдағанда: оң қолмен қабылдап, көз тоқтатып қарап (мазмұнымен танысып), алғыс білдіруі қажет.
- Ер адам – пиджактың төсқалтасынан алып береді.
- Әйел адамдар – сөмкесінен, қойын дәптерінен (блокнот) немесе визит карточкасын салғыштан алып береді.
Бұл – сыпайылықтың белгісі.
Визит карточкасын беру әдебіне жатпайды:
- Біреу арқылы беру;
- Өздігінен сұрап алу;
- Ұсынылған визит карточкасын елеусіз қалдыру;
- Визит карточкасын оның иесінің көзінше майыстыру, оған таңба салу, қолда айналдыру;
- Визит карточкаларын бергенде бірден қалтаға, сөмкеге сала салу.
Визит карточкаларының түр-түсі:
- үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер көбіне ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестендіріп жасайды;
- қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сұр, күміс, жасыл түстер;
- түрлі дәрежедегі басқару органдарында жұмыс істейтіндер классикалық үлгідегі түстерді (фон – көгілдір, шрифт – қара көк, фон – ақшыл сия түсті, шрифт – сия түсті, фон – ақшыл қоңыр, шрифт – қара қоңыр т.б.) қалайды;
- әртүрлі мамандық иелері өз қалауына қарай жасатады. Мы- салы, теңіз, әуе жолы қызметкерлері көгілдір түспен жасатса, орман шаруашылығы қызметкерлері өз визит карточкаларының фонын көп жағдайда жасыл түске жақын етіп жасатады;
- полиграфист қай реңкті таңдаса да, шрифт міндетті түрде қара түспен беріледі;
- шығармашылық адамдары визит карточкаларын бірден көзге түсетіндей ерекше етіп жасатуға тырысады. Көбінесе абстракциялық өрнектер, бедерлермен безендіреді;
- ғылыми интеллигенция, ішкі істер министрлігі, қорғаныс министрлігі, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылым қызметкерлері көбінесе ақ фонмен, шрифтері қара, артық-ауыс белгі, фи- гуралары, сызықтары жоқ визит карточкасын жасатады;
- қызғылт және қызыл түсті визит карточкалары сирек кездеседі.
Ескертулер!
Кездесуге барған кезде кездесетін адам болмай қалса, белгілі бір жағдайлармен қабылдай алмаса немесе кездесуге келе алмаса, онда карточканың үстіңгі оң жақ бұрышын майыстырады да оны қайта қалпына келтіріп барып, визит карточкасын қалдырып кеткені дұрыс. Бұл сіздің визит карточкасын өзіңіз тастап кеткеніңізді білдіреді.
Визит карточкасы туралы
Жақсы жасалған визит карточкасы – бұл иесінің өзіндік бейнесі. Ал өте жақсы жасалған визит карточкасы – ол оның мини-портфолиосы (ең қысқа жинақталған дерекнама). Визит карточкасының бағалануы – бірінші орында дизайны: фирманың немесе адамның реквизиттері, оның беру тәсілі болып саналады.
Жақсы визит карточкасы не береді?
Жақсы визит карточкасы өзінің түр-түсімен арбайды. Жақсы ви- зит карточкасы – өнердің туындысы немесе маман дизайнердің өнімі. Сондықтан жақсы визит карточкасын мықты дизайнерге тапсыру керек, бірақ бұл арзанға түспейді. Жақсы визит карточкасы сізді тұлға ретінде және іскери серіктес ретінде көрсетеді. Әрбір адам – қайталанбас тұлға.
Визит карточкасын екі тілде жасау керек пе?
Визит карточкасын екі тілде жасау сәнге айналған, ана тілінде және ағылшын тілінде. Мұндай визит карточкасы халықаралық мәртебеге ие болғандықтан салмақты көрінеді деп санайды. Ал бұған қарсы болуға дәлелдер:
- Екі тілдегі визит карточкасы мәтінге толып тұрады. Бұл әрқашанда композициясын және дизайнын нашарлатады. Мұндай визит карточка- сы – бөлме ішін жиһазбен толтырып қойғандай әсер етеді. Жақсы визит карточкасына негізінен керекті бөліктері – фонның түсі, графикалық суреттеу, қағаз.
- Екі тілді визит карточкасы екіжақты болғанымен, мәтіні ғана басқа тілде жазылатын тұп-тура көшірмесі. Екіжақты визит карточкасы екі есе қымбат тұрады.
- Екіжақты визит карточкасының тиражына кеткен қаржыға екі бөлек тапсырыс берген әлдеқайда тиімді. Одан да визит карточкасын екі тілде екі бөлек жасатқан өте тиімді деп саналады. Бір түрін – қазақша, екінші түрін – орысша немесе ағылшын тілінде шығарған дұрыс.
Тарихы
Визит карточкаларын қолданудың тарихы өте тереңде жатыр. Бірақ қазір оларды қолданудың айқын, танымал нормалары түзіліп шықты. Қазіргі уақытта іскер адамдар үшін визит карточкаларын қолданудың маңызы өте зор. Телефон, ұялы телефон, мекенжай, электрондық пошта, e-mail сияқты толып жатқан мәліметтерді қолдан жазып отырғанша, визит карточкасын ұсынған өте қолайлы және бұл сіздің көп уақытыңызды үнемдейді.
- Францияда ескі визит карточкасы «Carte de Visite» (“Карточка для визитов”) деп аталған. Визит карточкасының ең алғашқы түрі 2500 жыл бұрын пайда болған. (Б.ғ.д. 770-476 жж.) Чуньцю дәуірінде және (б.ғ.д. 475-221 жж.) Чжаньго дәуірінде көне Қытайда мәдениет қарқынды түрде дамыды. Дәл осы уақытта визит карточкасы пайда болды деген мәлімет бар. Суреттеу бойынша: бамбук ағашынан немесе ағаштан жасалынған жұқа көлденең тақтайшаның бір жағына иероглиф жазуы жазылғандығы белгілі болды. Кейінірек, б.ғ.д. ІІІ ғасырда жібек матаға түсірілген хаттардың түрі көп таралған. Мұндай тақтайша мен матаға аты-жөні, қысқаша өтініші мен сапарлап келу тақырыбы жазылған. Мұндай визит карточкалары әркімге жеке жасалынған. Визит карточкасын жасатуға көп қаржы төлейтін болғандықтан, оны қалталы адамдар ғана жасата алған.
- Қазіргі визит карточкасына ұқсас визит карточкалары Францияда ең алғаш XVII ғ. ортасында Людовик XIV-тің кезінде пайда болды.
Бұл карточкалардың Қытайда шығарылған визит карточкасынан көп айырмашылығы болмады. Карточканы тек жоғары жақтағылар ғана пай- даланды. Визит карточкасын дайындауға суретшілер атсалысты және оны қолмен жасады, сондықтан әрбір карточка ерекше болды.
- Визит карточкасын Венеция және Флоренция қаласының тұрғындары XVI-XVII ғасырда-ақ пайдаланған екен.
- Ресейде визит карточкасы Екатерина ІІ басқарған кезінде, яғни XVIII ғасырда пайда болған. Ақсүйектік «алтын ғасыр» деп аталатын сол кезде барлығы да «ана бір Франциядағыдан» кем емес әдемі де сәнді бо- луы қажет. Визит карточкасы немесе визит билеті (халық арасында) ақ- сүйектік тектің ерекше белгісі ретінде қала берді. Мысалы, саудагер не- месе бай және атақты адамдар да оны қолдану құқығына ие болған жоқ.
Революциядан соң визит карточкалары буржуаздық сарқыншақтар болып саналды, сондықтан оларды қолданған жоқ.
Визит карточкалары Кеңес өкіметі кезінде қайтадан пайдаланыла бастады. Бірақ оның кескіні кішкене өзгертілді. Егер бұрын адам аты бірінші жазылса, енді адам аты оның тегінен соң жазылды. Бұл мәселе шетелдіктердің есін шығарды, өйткені халықаралық этикетте адам аты бірінші жазылады.
Кеңес визит карточкасының тағы басқа бір ерекшеліктері, ол – оның мөлшері мен талғампаздықтан және салтанаттан бас тартуы.
Егер Еуропада, мысалы визит карточкасын ұмытып кетсе немесе кез- десу кезінде визит карточкасы болмаса, олар оған сондай қатты көңіл бөлмейді екен.
Егер келіссөзге төрт адамнан көбірек қатысатын болса, визит карточ- каларын олардың отыру ретімен қою керек, бұл олардың аттарын дұрыс айтуға және тез есте сақтауға мүмкіндік береді.
Визит карточкасының екінші жағы таза болған дұрыс, бұл жерде керекті қосымша ақпарат жазылады.
Визит карточкасын қолданудың ережелерін білу, іскер адамның беделіне және келешектегі істерінің жақсы жүруіне, табысқа жетуіне үлкен әсерін тигізеді.
Визит карточкасын пошта немесе көмекшің арқылы беріп жіберген кезде төмендегі көрсетілген шартты белгілерді пайдалансаңыз болады. Мұндағы сөздің бірінші әрпі француз тілінен алынған әдеп деп санала- ды. Бұл шартты белгілерді тек француздар емес, бүкіл дүниежүзі пай- даланады. Бұл сөздердің аудармасын білмеуіңіз мүмкін, бірақ та мұны жаттап алуға болады.
Есте сақтаңыз!
|
Р.Р. (рour presentation) |
«Таныстыру үшін». Танысу мақсатында, ұсыныс. |
|
P.F.C. (рour faire connaissance) |
«Танысу себебі жөнінде». Танысуға қызығушылық танытуы. |
|
P.P.C. (pour prendre conge) |
«Қоштасу себебі жөнінде». Егер өзі келіп қоштасуға мүмкіндігі болмаса, жол жүруінен хабардар ету, сырттай қоштасу тәсілі. |
|
P.F. (рour fete) |
«Мерекеге». Сыйлыққа қосымша ретінде открытканың орнына қызмет етеді. |
|
P.F.F.N. (рour faire fete nationale) |
«Ұлттық мерекеге байланысты». Шетелдік серіктесіңнің ұлттық мерекесіне көңіл бөлудегі жақсы белгі. |
|
P.F.N.A. (рour fete Nouvel An) |
«Жаңа жылмен құттықтау». |
|
P.R.F.N.A. (рour remercier er fete Nouvel An) |
Өз алғысын білдіруге және Жаңа жылмен құттықтауға байланысты. |
|
P.R. (рour remercier) |
«Өз алғысыңызды білдіру». Мұндай визит карточкасы құттықтауға жауап ретінде алғыс хаттың орнына қызмет етеді. |
|
P.C. (рour condoleances) |
«Көңіл айту». Танысыңыздың немесе серіктесіңіз жақтан біреу қайтыс болған жағдайда және ұлттық траур кезінде пайдаланылады. |
|
P.R.V. (рour rende visite) |
«Шақыруға жауап беру». Конвертке салынған визит карточкасы шақырудың қабылданғаны туралы түсінік береді. |
- жаттығу. Көрсетілген үлгіні қазақшаға аударыңыз.
- жаттығу. Визит карточкасының бір жақты немесе екі жақты болып жасалынатыны белгілі, сіздің ойыңызша, қай нұсқасы дұрыс. Осыған байланысты өз ойыңызды жазыңыз.
ç Тапсырмалар:
- Өзіңіздің визит карточкаңызды жасаңыз.
- Өзіңіздің визит карточкаңызды 10-15 жылдан кейінгі уақытпен ша- малап жасап шығыңыз.
- Сіз «Шабыт» жастар байқауына қатысушысыз. Өзіңіздің визит карточкаңыздың үлгісін жасаңыз.
- Сіз «Арай» жекеменшік баспасының бас редакторысыз. Өзіңіздің визит карточкаңыздың үлгісін жасаңыз.
- Сіз «Каспий банкінің» президентісіз. Өзіңіздің визит карточкаңыз- дың үлгісін жасаңыз.
- Сіз Астана қаласындағы Еуразия университетінің оқытушысысыз. Өзіңіздің визит карточкаңыздың үлгісін жасаңыз.
- Сіз «Қуат» тұрғын үй құрылысы АҚ президентісіз. Өзіңіздің визит карточкаңыздың үлгісін жасаңыз.
h Сөздік және сөз тіркестері:
визит карточкасы – визитная карточка
жұмыс орны – место работы
орналасқан – расположенный
орынбасар – заместитель
бастық – начальник
басшы – руководитель
бастау – начинать
іс – дело
істеу – делать
іскер – деловой (человек)
іскер әріптес – деловой партнер, коллега
іс-әрекет – действие
іссапар – командировка
тарих – история
түрлері – виды
әдебі – этикеты
классикалық – классический
ерекше – особенный
жеке – личный
іскерлік – деловитость
Орынғазы Әбутәліп