Жүрек — қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер

Жүрек — қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер

  1. Кардиотоникалық дәрілер;
  2. Аритмияда қолданылатын дәрілер;
  3. Антиангинальды дәрілер;
  4. Миокард инфарктысында қолданылатын дәрілер;
  5. Ми-қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын дәрілер;
  6. Гиполипидемиялық дәрілер;
  7. Гипотензивті дәрілер;
  8. Диуретиктер;

 

  1. Кардиотоникалық дәрілер:

А) Жүрек гликозидтері

Б) Гликозидті емес кардиотоникалық әсерлі дәрілер.

А) Жүрек гликозидтері өсімдіктен алынған жүрек жеткіліксіздігінде қолданатын күрделі органикалық қосылыстар.

Жүрек гликозидтерінің әсері: систолалық және минуттық қан көлемін арттырады, жүректің жиырылу жылдамдығын төмендетеді, тамырлардағы қысымды азайтады, артериялық қысымды қалпына келтіреді, жүрек қан-тамырларында қан айналымын жақсартып, диурезді күшейтеді, асқазан-ішекте сіңу мен жылжыту қызметі жақсарып, салмақ азаяды. Мидағы және жалпы қан айналым жақсарып оттегі тапшылығы төмендейді. Тыныс орталығының қозуы төмендеп, ентігу азаяды.

Жүрек гликозидтері қолданылады:

  • Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде және оның алдын алу үшін;
  • суправентрикулярлы тахикардияда;
  • жыпылық аритмиясында;
  • пароксизмальды тахикардияда;
  • жүрекше (трепетание предсердий) дірілінде;

Дәрілері:

  1. Ұзақ әсерлі жүрек гликозидтері: Дигитоксин (Digitoxinum)-әсері 2-3сағаттан соң басталып, 14 күнге дейін созылады;

0,0001таблетка; 0,00015г ембалауыз түрінде шығарылады.

  1. Орташа әсерліжүрек гликозидтері: Дигоксин (Digoxinum) әсері 30минут\ -1 сағатта басталып, 2-4 күнге созылады.

Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,025%- 1мл ампула. Целанид (Celanidum) әсері 10-20минутта басталып, 2 сағатқа созылады. Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,02%- 1мл ампула. Ұзақ және орташа әсерлі жүрек гликозидтері созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады.

  1. Қысқа және тез әсерлі жүрек гликозидтері: Коргликон (Corglyconum)әсері 2– 3минут, Строфантин (Strophantinum K) әсері 5-10 минутта басталып, 1-1,5 сағатта толық әсер беріп, 2 күнге дейін созылады. Дәрілік түрі:Коргликон0,06%- 1мл ампула. Строфантин0,025%-0,05%- 1мл ампулада.

Коргликон 0,06% ерітіндісі ересектерге 0,5-1,0мл, 2-4 жасар балаларға 0,2-0,5мл, 6-12жасар балаларға 0,5-0,75мл-ден 10-20мл 20%-40% Глюкоза ерітіндісімен араластырылыпкөктамырға баяу 5-6 минут ұзақтықта енгізіледі. 8-10сағаттан кейін қайта енгізуге болады.Строфантин0,025%-1мл       ерітіндісін 10-20мл 5%, 20%,40% Глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9%-10-20мл натрий хлорид ерітіндісімен араластырылып көктамырға баяу 5-6 минут ұзақтықта енгізіледі. Жылдам енгізген жағдайда шок болады. 0,9%-100мл натрий хлорид ерітіндісімен немесе 5%-200мл Глюкоза ерітіндісімен араластырылып көктамырға тамшылатып енгізуге болады. Бұлшықетке енгізу керек болса, енгізетін аймаққа алдын ала 2%-5мл Новокаин енгізіп, сол ине арқылы басқа шприцте Строфантин мен 2%-1мл Новокаин араластырып енізіледі.

    

Жүрек гликозидтеріне қарсы көрсеткіш: брадикардия, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, гипокалиемия, гиперкальциемия, қарынша тахикардиясы, өкпе ісінуі, кардиогенді шок.

Жүрек гликозидтерімен интоксикация болғанда білінеді: жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары, іш түйілу, анорексия, құсу, лоқсу, бас ауру, шаршау, алаңдаушылық, қобалжу, ұйқысыздық, апатия, көз көруінің бұзылыстары.

Интоксикацияға әкелетін қатерлі факторлар: кәрілік, жүрек жеткіліксіздігінің асқынулары, миокард инфарктісі, миокардтағы аумақты ишемия.

Интоксикация болғандағы көмек:

  • Жүрек гликозид препараттарының мөлшерін азайту немесе доғару, асқазан шаю, іш жүргізетін тұзды ерітінділерді қолдану (ішуге, клизмамен).
  • атравентрикулярлы өткізгіштіктің бұзылысы мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі болмаса калий препараттарын қолдану.
  • Дифенин (Фенитоин) 100мг көк тамырға баяу, сосын 100мг 4-6 рет ішуге.
  • Лидокаин 100мг көк тамырға болюсті.
  • атравентрикулярлы блокадада — β-адреноблокаторлар қолдану
  • II- III дәрежелі атравентрикулярлы блокадада — атропин 0,5- 1мг көк тамырға
  • 5%- 500мл Декстрозаға 6ӘБ инсулин қосып, калий хлориді -1,5г, магний сульфаты- 2,5г.

Интоксикацияны болдырмас үшін жүрек гликозидтерінің элиминациясын есептеп, әр пациентке қолданылатын жеке дозаны анықтайды.

Жүрек гликозидтерін басқа дәрілермен біріктіргенде болатын жағымсыз кері әсерлер:

  • Диуретиктермен, глюкокортикоидтармен біріктіргенде гипокалиемия дамиды;
  • Кальций препараттарымен көктамырға бірге салғанда аритмия, тіпті жүрек тоқтауы мүмкін;
  • Хинидин, Верапамил, Нифедипин, Амиодарон дәрілері қандағы Дигоксиннің концентрациясын ұлғайтады;
  • Антацидтер, гастропротекторлар асқазан ішек жолдарында жүрек гликозидтерінің сіңуін тежейді;

Б)  Кардиотоникалық гликозидті емес препараттар: Допамин, Добутамин, Амринон, Адреналин.

α,β- адреномиметик Адреналин әсері көк тамырға енгізгенде 5минутта, тері астына енгізгенде 30минутта басталады.

Дофаминомиметик — Дофамин әсері 5-10минут, көк тамырға тамшылатып еріткішпен араластырып, тек стационарда қолданады.

Қолданылуы: жіті жүрек жеткіліксіздігінде көмекші дәрі ретінде.

Қарсы көрсеткіштері: кардиомиопатия, аорта стенозы, гиповолемия, тиреотоксикоз, жүрек ырғағының ауыр бұзылыстары, қан тамырларының бітелуі, куықасты безі аденомасы, бронх демікпесі, жүктілік, лактация.

Жанама әсерлері: тахикардия, бас айналу, жүрек шаншуы,анорексия, құсу, лоқсу, жүректің қатты соғуы, үрей, ентігу, стенокардия, артериялық қысымның жоғарылауы, тахиаритмия.

Қолданғанда  артериялық қысымның тез арада жоғарылайтынын ескеріп, инфузия жылдамдығын бақылау қажет.

 

Жүрек жеткіліксіздігінде қолданылатын басқа топ тәрілері:

  1. Ангиотензинге айналдырғыш фермент ингибиторлары: каптоприл, эналоприл;
  2. Антиотензин –II рецепторының блокаторлары: лозартан, валсартан, инбесартан;
  3. β-адреноблокаторлар: бетаксолол, карведилол, метопролол;
  4. Ca+ арналарының блокаторлары: верапамил, дилтиазем;
  5. Вазодилитаторлар: изосорбит мононитраты немесе динитраты, натрий нитропруссиді, гидралазин;
  6. Диуретиктер;

Диуретиктерді электролитті бұзылыстарды ескеріп тағайындаған жөн. Диуретиктердің мөлшері асқанда гиповолемия, жүрек жиырылуының төмендеуі, бүйрек қызметінің бұзылыстары дамиды.

Осы алты топ дәрілерінің қолданылу мақсаты миокардқа түсетін күшті азайту, жүректің жиырылуы мен қанды айдау қызметін жақсарту, ентікпені, ісінулерді азайту, жүрекке түскен күшке бейімделуді арттыру, жүрек жеткіліксіздігін азайту.

 

  1. Аритмияда қолданылатын дәрілер

Аритмия — жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы. Аритмияның себебі: жүректегі импульстардың пайда болуы мен оның өткізілуінің бұзылуына байланысты.

Жүрек ритміне әсер ететін дәрілер қолданылады:

Экстрасистолияда (жүрекше мен қарыншаның ретсіз жиырылуы), Ұстамалы тахикардияда (минутына 160-200рет жүректің соғуы), Жыпылық аритмиясында (минутына 600 ретке дейін  жүректің соғуы), Жүректің өткізгіштік жүйесінің бөгетінде.

Қолданылатын дәрі топтары :

  1. Мембрананы реттеуші дәрілер: Новокинамид (Novocanamidum), Аймалин (Ajmalinuv), Лидокаин 2% (Lidocainum), Дифенин (Dipheninum), Хинидин(Chinidinum).

Әсері: жүректе натрий  иондарының тасымалын тежеп, тіндерге өтуін азайтады. Автоматизмді, өткізгіштікті, қозуды төмендетеді.

  1. β- адреноблокаторлар:Анаприлин(Anaprilinum)-10-20мг. таблеткада, 0,25% -1ml ампулада. Атенолол, Бисопролол (Конкор-Concor)-2,5мг,5мг,10мг,20мг таблеткада, Метопролол (Корвитол)-25мг, 50мг, 100мг таблеткада, 0,1% -5ml ампулада.
  2. Кальций арналарының блокаторлары: Верапамил (Verapamilum, Изоптин) 40, 80мг таблетка; 0,25%-2мл ампулада. Нифедипин- (Nifedipinum, Коринфар- Corinfar) 10мг таблеткада.
  3. Калий арналарының блокаторлары: Амиодорон(Amiodoronum) (Кордарон- Cordarone) 0,2таблетка; 5%-3мл ампулада, Орнид.
  4. Калий препараттары: Калий хлорид — (Kalii chloridum) 4% ерітінді, Панангин (Panangin, Аспаркам-Tabulettae Asparkam) 0,5г. таблеткада.

 

Брадиаритмияда қолданылатын дәрі топтары:

  1. М-холиноблокатор: Атропин (Atropinum) 0,1%-1мл ампулада.
  2. Адреномиметиктер – Изадрин (Isadrinum) 5мг таблетка; 0,5%-1мл ампулада; 0,5%- 1%-25мл құтыдағы ингаляцияға арналған сұйық. Адреналин (Adrenalinum) 0,18% -1мл ампулада.

Әсері: β-адренорецепторлардың белсенділігін арттырып,  автоматизм мен жүректе өткізгіштікті күшейтеді.

  1. Жүрек гликозидтері.

 

Біріктіріп қолданғанда тиімділігі артатын сәйкес дәрілер:

Хинидин + Анаприлин

Хинидин+ Изоптин

Жүрек гликозиді+  Калий хлориді

Жүрек гликозиді+ β-адреноблокаторлар

Жүрек гликозиді+ Лидокаин

Жүрек гликозиді+ Новокаинамид

Жүрек гликозиді+ Кордарон

Лидокаин+ Новокаинамид+ Орнид

Лидокаин+ Новокаинамид+ β-адреноблокаторлар

Біріктіргенде тиімділігі төмендейтін дәрілер.

Хинидин + Кордарон

Хинидин + Калий хлориді

Новокаинамид+ Кордарон

Новокаинамид+  β-адреноблокаторлар

Қосымша этиотропты терапия жүргізіледі: негізгі ауруды емдеу. Мысалы миокардитте қабынуға қарсы дәрілер, жүректің ишемиялық ауруларында антиангинальді дәрілерді тағайындау.

Один комментарий к “Жүрек — қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер”

Добавить комментарий для улжан Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *