



































✅ 7. Қоғамдық көліктерде басыңыз айналып, құсқыңыз келсе, өзіңізбен бірге ас содасын алып жүруді ұмытпаңыз.
✅ 8. Егер біреу қышқылға күйіп қалса, оған тез арада сода ерітіндісін жағып, байлап тастаңыз.
✅ 9. Соданы ауыр жарақат алып, көп қаныңызды жоғалтқанда немесе бір нәрседен уланғанда алғашқы көмек ретінде қолдану қажет. Ол үшін сода мен тұз ерітіндісін дайындағаныңыз дұрыс. Дайындау жолы өте қарапайым: бір шай қасық сода мен бір шай қасық тұзды алып, бір литр қайнаған суға салып жақсылап араластырыңыз. Дайын болған соң әр 5 минут сайын тұтыныңыз.
✅ 10. Аузыңызды содамен шаю арқылы тіс ауруларынан аман қаласыз. Ыстық сода ерітіндісін дайындап қойып, күніне 5-6 рет аузыңызды шаюды күнделікті әдетке айналдырыңыз. Сонда сізге тіс дәрігеріне қаралудың да қажеті болмайды.
✅ 11. Сонымен қатар сода тамаша косметикалық зат. Оны сабын ұнтағымен араластырып, аптасына екі рет бетіңізді сүртіп тұрыңыз. Ол сіздің бетіңізді безеулерден құтқарады.
✅ 12. Сода тіс пастасының да орнын ауыстыра алады. Оны мақтаға малып алып, тісіңіздегі тат кеткенше ысқылаңыз. Көп ұзамай нәтижесіне көзіңіз жетеді.
✅ 13. Сода ерітіндісі құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей шаққан жерлерді де тез кетіреді. Егер шаққан жеріне күніне бірнеше рет жақсаңыз, орны да қалмайды. Және жараның аузына микроб түсірмейді.
✅ 14. Жұмыстан қатты шаршап келген күні кешке содамен аяғыңызды уқалаңыз. 5 ас қасық соданы 10 литр жылы сумен араластырсаңыз жетеді. Содан кейін 15 минут аяғыңызды суға салып, уқаласаңыз, шаршағаныңыз бірден басылады.
«Пайдалы кеңестер» парақшасынан алынды.