Эссе
Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастауы ,жарқын үлгісі , бала қиялын самғатып , арманын көкке жалғайтын басты тұлға .Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткізген жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып ,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашылық шеберліктің иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе, осы кәсіби білік- дағдыларын шыңдауы — оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан -ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып , тәрбие жұмысын жүргізгу. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет — білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімді қалыптастыру. Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп , кез -келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл, әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын және ақпараттық технологияны жетік меңгерген жеке тұлға болуы керек . Ал бүгінгі таңда жаңа ғасыр мұғалімі мектепте ең қасиетті, рухани бай,жан-жақты дамыған , жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салтымен , мәдениетінде, өнерінде және шыққан түп- тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың жеке қабілетін, дарынын ашып, өз-өзіне сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.
XXІ ғасырдың ұстазы қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы болып , осы мақсатқа рухани күш жігерін , парасат — қуатын салу керек екендігі айтпаса да түсінікті. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін , ерекше талантты қажет ететін , бай қиялды адамға тән қасиет. Ұстаздың бойындағы білім мен ақыл -ойының қуаты талай тентекті жуасытып ,небір еркені сабасына түсіреді , тәртіпке баулып , есейтеді ,ержеткізеді. Сондықтан да әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін «Ұстазым»-, деп атайды. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас ,
Еңбегің кетпес далаға .
Ұстаздық еткен жалықпас ,
Үйретуден балаға ,-деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер, әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып , ұстазынан озып жатса ,оның төккен терімен адал еңбегінің ақталғаны емес пе? Ұстаздың осыншама қадір — қасиетке, құрметке бөленуі өзін қоршаған ортасы мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен , жауапкершілікпен қарай білгенінде деп түсінемін. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі , мәдениетті сөзі ,әдепті, биязы жүріс-тұрысы , жинақы іс-әрекеті , білімі шәкіртке де , ата-анаға да , жалпы жұршылыққа да өнеге . Ұлы ағылшын ағартушысы — Уильям Уорд былай депті: Жай мұғалім- хабарлайды , Жақсы мұғалім- түсіндіреді , Керемет мұғалім- көрсетеді , Ұлы мұғалім-шабыттадырады , -дейді.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен батылдықты , сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару , өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын еліміздің келер кейінгі келбеті. Бұл жөнінде Бірінші Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:” Ғасырлар мақсаты- саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын , ізгіленген XXІ ғасырды құрушы іскер , өмірге икемделген , жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру керек”- деген тұжырым жасады . Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет . Педагогтік шеберлік ол — дарынды талант емес, оқу мен үйренудің нәтижесі . Біздер- мұғалімдер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес , болашақты құрушыларды , адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ , мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен өзі айқын .Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді .Ұстаздық ету бұл- өзінің уақытынаямау , өзгенің бақытын аялау демекші ,ендеше бүгінгі білім мен білік бәскекелескен заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан — жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізуіміз әбден мүмкін,- дей аламыз.
XXІ ғасыр мұғалімінің моделі:
Ұлағатты , ұстамды ,
Сабырлы да салмақты ,
Адал да ақылшы ,
Зергек те зейінді .
Қорыта айтқанда , XXІ ғасыр мұғалімінің моделіне сай болу үшін жоғарыда келтірілген барша критерийлер ұстаздар қауымының сырқы және ішкі жан дүниесінен табылуы тиіс. Бұл- заман талабы. Демек, бүгінгі біздің міндетіміз: әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, білімді де білікті , отансүйгіштік , патриоттық қабілеті дамыған және ұлттық сана-сезімі жоғары, тәрбиелі ұрпақты өсіру.
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахтинск қаласы әкімдігінің №11 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатиева Айнагуль Сейтжановна