АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ


1. Алла – Оның (Алла Тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім.Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе,
иманы берік болады.
2. Әр-Рахман – Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі.Қамқоршы Алла Тағала мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті
күшейеді. Сондай-ақ, ол адам қаталдықтан арылады.
3. ُӘр-Рахим – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа
мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе, қайғы-қасіреттен аман болады.
4. Әл-Мәлик – Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе,қаржыдан қысылмайды.
5.Әл-Қуддусу – Қасиетті, Өте пәк,кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін-келбеттен тыс.
َ6. Ас-Сәлам – Есендік беруші.Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99
рет оқып, науқасты ұшықтаса, шипа табады.
7. Әл-Мумин – Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді.Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.
8. Әл-Мухаймин – Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде.Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан
кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса, Алла Тағала оны рухани тазартады.
َ9.Әл-Азиз – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса, Алла Тағала оны қаржы
мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.
َّ10.Әл-Жәббар – Аса өктем. Билік пен қуат Иесі.Нені қаласа, соны кімге де болсын істете алады.
11.Әл-Мутәкәббир – Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе, халық арасында құрметті болады.
12. Әл-Халиқ – Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады.
َ13.Әл-Бари – Жаратушы, жоқтан бар етуші.Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді. Алла әрдайым жаратуда. Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, «Әл-Бари, Әл-Халиқ,Әл-Мусаууир» деп 21 рет айтып суға дем салып аузын сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе, оған Жаратушы нәресте береді.
ِ14.Әл-Мусаууир – Келбет беруші. Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет және әр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Алла Тағалаға ешкім теңесе алмайды.
َ15.Әл-Ғаффар – Аса жарылқаушы. Күнә және жаман істерді кешіруші. Бұл дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнәларын кешіріп, жарылқайды. Кім осы әдемі есімді жұма
намаздан кейін 100 рет қайталаса, оған Алла Тағала
ғафу етеді. Ал кім екінті намазынан кейін «Иә Ғаффарғфирли» деп айтып жүрсе, Алла Тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.
16. Әл-Қаһһар – Өте үстем, Қаһарлы. Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды, өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім аман қалмайды. Дүние сәнін жақсы
көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған мойынсұнып жүрсе Алла Тағала ол адамның иманын күшейтеді.
17. Әл-Уаһһаб – Өте жомарт, Береген.Адамдарды Өз нығметтерімен ризықтандырады.Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл
есіммен Аллаға жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.
18. Әр-Раззақ – Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.
َّ19. Әл-Фәттах – Жақсылық жасаушы. Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп, жақсылық істейді.Шындықты әшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды.Кімде-кім өзінің оң қолын кеудесіне қойып Алла
Тағаланың бұл әдемі есімін таң намазынан кейін 70  рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жәй табады.
َ20.Әл-Алим – Бәрін білуші, Терең білім иесі. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін ешнәрсе жоқ. Алла Тағала – білушілердің білушісі. Алла Тағала ғайыпты да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап,зікір етіп жүрсе Алла Тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.
21. Әл-Қабид – Қысып алушы. Кімге қаласа,ризығын береді, қаласа бермейді. Кім бұл есімді қайталап айтып жүрсе, аш-зарыққан болмас.
َ22.Әл-Басит – Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.
23. Әл-Хафид – Түсіруші. Алла Тағала кәпірлерді тозақтың түбіне түсіреді және кәпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. Кім Алла Тағаланың бұл ғажайып есімін 500 мәрте зікір етсе, Хақ Тағала
оның дұғасына жауап береді.
24. Әр-Рафиғ – Көтеруші, Биіктетуші. Өзіне жақын құлдардың беделін бұл дүниеде де, ақыретте де көтереді.
ُّ25.Әл-Муиз – Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді. Олардың мойынсұнғандары үшін күнәларын кешіріп, жәннатта құрметті орын береді.
26. Әл-Музил – Кемсітуші. Кәпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді, оларға «азап үйін» – тозақты дайындайды.
27. Әс-Сәмиғ – Әр нәрсені Есітуші. Әр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның есітуінен тыс қалмайды. Ол құпияның бәрін біледі. Оның ести алмайтын нәрсесі жоқ. Ол T барлық сыбыс, дыбысты естиді.
َ 28.Әл-Басир – Көруші. Ол бәрін Көреген. Адам және басқа мақлұқтар көрмейтінін бәрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол ғайыпты да көреді.
29. Әл-Хакәм – Хәкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі кесімді. Оны ешкім сынай алмайды және Алланың үкімдерін кемсітіп,жамандауға ешкімнің хақысы жоқ. Кім дәрет алып,осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Алла Тағала оның
жүрегін нұрландырады.
30. ُӘл-Ғадилу – Әділ, Адал. Ол кімге болмасын,ешбір әділетсіздік жасамайды. Ол өз шешімдерінде әділ.
31. Әл-Ләтиф – Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі.Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз құлдарының істерін толық біледі және адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады.
32. Әл-Хабир – Толық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Алла Тағала қанағатты етеді.
33.Әл-Халим – Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ.Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп,күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.
َ34.Әл-Ғазим – Аса зор, кеңшілік Иесі,Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңыда жоқ.
35.Әл-Ғафур – Кешіруші, күнәларды кешуші.Кешірім сұраушыларды күнәлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға
ауыстырады.
36.Әш-Шәкур – Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.
َِ37.Әл-Ғалиу – Өте биік, Жоғары, Мәртебелі.Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр
уақытта биіктікте.
38.Әл-Кәбир – Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс.
39. Әл-Хафиз – Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып,сақтайды. Алла Тағала – әлсіздердің жәрдемшісі.
40. ِӘл-Муқит – Азық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді. Даналықты және білімді жүректерге жеткізеді.
41. Әл-Хасиб – Есеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді.
42.Әл-Жәлил – Биік, Үлкен, Өз ұлығында өте биік. Қадір-қасиетінде аса Ұлы.
43. Әл-Кәрим – Құрметті, Мәрхамет иесі, ізгілік істеуші. Оның рахымында шек жоқ. Ізгілігі ешқашан таусылмас. Уәде берсе, толығымен орындайды.
44. Әр-Рақиб – Қараушы, Бақылаушы. Ол әр нәрсені көріп, біліп тұрады. Ешнәрсе оның алдынан өтпей кетпейді.
45. Әл-Мужиб – Жауап беруші. Оған дұға етіп жалбарынған құлдарына жауап береді. Ол адам баласы үшін не нәрсе пайда беретінін біледі. «Иә Мужибу дағуати тәммәти» деп дұға етілсе, Жауап беруші Хақ тағаланың жауап беруі сөзсіз.
46.Әл-Уасиғ – Қоршап алушы, толтырып салушы. Ол Өз құлдарын ризықтармен бөлейді.Мәрхаметін тақуа құлдарына төгіп, байытады.
47.Әл-Хаким – Даналық Иесі, қате жасаудан пәк. Қате жасау Оның даңқына сай келмейді. Ол әр нәрсені өз орнына қояды.
48. Әл-Уәдуд – Ізгілік істеуші, Сүюші.Мақұлықтарын жақсы көреді. Сөйтіп, Ол мәрхаметі,мейірімі және ризықтары арқылы Өзі туралы
білдіртеді.
49. Әл-Мәжиид – Даңқты, Құрметті. Өз істерінде Көркем. Ол дүниені ризықтарымен толтырады.
َ50. Әл-Бағис – Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір беруші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.
51. َّӘш-Шахид – Куә. Ол анығын да, белгісізін де біледі және соған Куә. Алла Тағала Өзінің иләһи сипаттарыменен жалғыз Құдай екенін білдіртеді.
ُ52. Әл-Хақ – Шындық иесі. Хақ Тағала әрбір нәрсені өз даналығымен жаратты. Қабірдегілерге есеп беру үшін және жәннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді.
53. Әл-Уәкил – Басқарушы. Өкіл иесі Алла Тағала барлығын басқарады. Құлдары Оған тәуекел етіп, тәубе келтіреді.
54. Әл-Қауи – Қуатты, Мықты, Құдіретті. Оның шамасы әр нәрсеге жетеді.
55. Әл-Мәтин – Мықты, Тұрақты, Құдіретті.Оның күшіне ешкімнің қуаты жетпейді. Ол ешқашан әлсіз немесе шамасыз бола алмайды.
56. ◌ُ ع َس ِوا َال Әл-Уасиғ – Қорғаушы. Ол тақуаларды
(әулиелерді) жақсы көреді және оларға мықты қуат
береді. Кәпірлердің беделін бұл дүниеде де, о
дүниеде де түсіреді.
57. د ُمی ِح َال Әл-Хамид – Пәктеулі, Дәріптеулі, Мақтаулы.
Мадақ Иесі. Алла Тағаланы кәпірлер мен
екіжүзділерден басқасының бәрі мадақтайды.
58. الم صى ِح ُ ْӘл-Мухси – Санаушы. Ол бәрін санайды.
Оған ешкім санауға бөгет жасай алмайды. Ол бір
нәрсеге көңіл бөліп басқаны назарынан тыс
қалдырушы емес.
59. الم بد ُ ْى ْ ُ◌ ِӘл-Мубди – Бастаушы. Ол қандайда бір
жаратылысты жаратар алдында ешбір бейне,
мысалсыз жаратты.
60. الم عید ُ ُ ِӘл-Муғид – Қайтарушы. Ол тірілерді өлілерге
айналдырады және оларды қайтадан бастапқы
қалпына келтіреді. Егер мал, мүлік немесе адам
жоғалса Алла Тағаланың осы көркем есімін 70 рет
қайталап дұға етсе, жоғалған нәрсе Алла Тағаланың
қалауымен қайта оралады.
61. الم یىِح ُ ْӘл-Мухи – Тірілтуші. Ол денелерге жан
салып тірілтеді. Егер біреу бұл есіммен Алла Тағалаға
жалбарынса, шипа табады.
62. الم میت ُ ُ ِӘл-Мумит – Өлтіруші. Денелерден жан алып
өлтіреді. Ақыреттің қайғы-мұңның дәмін татпау үшін
Алла Тағаланың осы атын көбірек қайталап, зікір етіп
жүру керек.
63. حى َال ُّ Әл-Хай – Тірі. Ол мәңгі өмір сүреді, мәңгі
болды және мәңгі болады. Оның тірі болуының басы
да, соңы да жоқ.
وم َی الق .64
ُّ ُ Әл-Қайюм – Бәрінің үстінде тұрушы. Әрбір
заттың үстінен қарайласып оған Қамқоршы болып
тұрады. Әр нәрсе тек Алла Тағаланың қалауымен
тұрады. Өздігінен мықты тұрушы.
65. واج َال ِ د ُӘл-Уәжид – Бай, Табушы. Нені тапқысы
келсе, сәтінде-ақ табады, өйткені бүкіл жаратылыс
оның құзырында. Ол ештеңені жоғалтушы емес.
66. ماج َال ِ د ُӘл-Мәжид – Құрметті, Сыйлы. Ол жақсы
қасиеттерді иемденеді. Құрмет пен сый оған тән.
67. د ُح ِوا َال Әл-Уахид – Жалғыз. Барлық Құдайлық
сипаттар Оған тән. Одан басқа Құдай жоқ. Алла
Тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат
етіледі.
68. د ُم ََّص ال Әс-Самад – Ешнәрсеге мұқтаж емес.
Адамдардың қажеттерін өтеп беруші Алла Тағала, сол
үшін құлдары Оған бұл көркем атымен
жалбарынады. Ол – аса Құдіретті, Қуатты.
69. الق اد َر ُ ِӘл-Қадир – Мықты, Қадірлі. Оны мақұлықтар
қадірлейді. Оған ешкімнің көмегі керек емес. Оның әр
нәрсеге шамасы жетеді.
َد ُق الم .70
ت ْر ُ ِӘл-Муқтадир – Құдіретті. Не істегісі келсе,
соны істеуге қуаты жетеді. Оның істей алмайтын ісі
жоқ.
71. الم ق ُد َم ُ ِّӘл-Муқаддим – Алға шығарушы. Өз
пайғамбарларын алға шығарады. Өзіне инабатты
құлдарын тура жолға салады. Оларды ұлық
дәрежелерге көтереді.
ّخر ُؤ الم .72
ِ َ ُ Әл-Муаххир – Артқа тартушы. Өз жауларын
артта қалдырады. Ол Өзі мен кәпірлердің арасына
бөгет перде салады.
73. الأ و َل َُّ Әл-Әууәл – Бірінші, Алғашқы. Баршаның
алдында. Ол мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат
болған емес.
74. خر ِالآ ُ Әл-Ахир – Соңғы, Ақырғы. Барша мақұлық
қиямет күні қайтыс болғанда, Алла Тағала тірі
болады. Оның соңы жоқ. Кім күніне осы көркем есімді
1000 рет зікір етсе, Алла Тағаланың махаббаты
баурап алады, сол адам нәпсіқұмарлықтан арылып,
көз жұмғанда иманмен қайтады.
75. الظ َّ ھر ِا ُ Әз-Заһир – Анық, Көзге көрініп тұрушы. Ол
Өзін аяттары (күн, ай, жұлдыз т.б.) арқылы бар
екенін анық көрсетіп тұрады.
َا ِط ُن .76
الب Әл-Батин – Көрінбей тұрушы, Ішкі. Ол
мақұлықтардың көзіне көрінбейді. Ол
мақұлықтардың не ойлап, не қоятынын біледі және
олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады.
77. لىِوا َال Әл-Уали – Басқарушы, Уәлі. Ол әр нәрсенің
басқарушысы. Ол не бұйрық берсе, сол мезетте
бұлжытпай орындалады. Ол Өз қалауымен және
даналығымен билік жүргізеді. Үкімдерін іске
асырады.
78. الم ت ُع َال ِ َӘл-Мутаәли – Биікке көтерілуші (Самғаушы).
Мақұлықтардың сипаттары Оған тән емес.
Пайғамбарлардың сипаттарын биік дәрежеге
көтереді.
َر .79
الب ُّ Әл-Бәрр – Ізгілік істеуші. Ол ешуақыт
жаманшылық істемейді. Құлдарға ізгілік және
қамқорлық етеді.
َّ َّوا ُب .80
الت Әт-Таууәб – Тәубені қабылдаушы. Ол
әрдайым адамдардың шынайы жасаған тәубесін
қабыл етеді. Тәубе етушілерге ғафу етіп, оларға
рахым-мейірімін төгеді. Кім залымның зұлымдығына
қарсы Алланың бұл есімін 10 рет айтса, зұлымдығына
ұшырамайды.
َق ُن الم .81
ت ْم ُ ِӘл-Мунтақим – Есе әперуші. Ол Өзіне
мойынсұнбайтын құлдарын істеген амалына қарай
азаптайды.
و .82
ُ ُّ
َف
الع Әл-Ғафуу – Аса кешірімді, Ғафу етуші.
Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда күнәларын
жойып, сауап істерін қалдырады. Бұл есіммен Алла
Тағалаға жалбарынып артынан «Аллаһумма иннәкә
ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннә» десе,
оның күнәлары кешіріледі.
83. الر ف ُو َُّء Ар-Раууф – Қамқоршы. Алла Тағала Өз
құлдарына жақсылық пен қамқорлық жасайды.
.Патшасы Мүліктердің – Мүлк Мәликулْ ِ ك ُل ُ الم َماِلك .84
Иелігі өте зор. Байлық қазынаның барлығы, күллі
мүлік – Оның қолында. Кім осыны көп қайталап
жүрсе, Алла Тағала Өз байлығынан төгіп береді.
َ ِل َو ا ِلإ ْكَراِم .85
ُو ال َجلا
ذ Зүл-Жәләли уәл Икрам – Құдірет
және құрмет Иесі. Өзінің ұлы сипаттары үшін
құрметті және атақты болады.
86. الم ق ُس ْط ُ ِӘл-Муқсит – Әділ. Шешімдерінде өте Әділ.
Әрбір қиянат жасаған мен зиянға ұшырағанды о
дүниеде сұрайды және істеген амалдарына қарай
жәннат немесе тозаққа жібереді.
87. ع ُم ِجا َال Әл-Жәмиғ – Жинаушы. Қиямет күні
«Махшарда» бүкіл адамдарды жинайды. Ол біреуін
де қалдырмайды.
َ ِنى .88
الغ ُّ Әл-Ғани – Өте бай. Оған ештеңе керек емес.
Барша мақұлық Алла Тағаладан қажеттерін сұрайды
және Оған тәуелді.
89. الم غ ُن ْى ِӘл-Муғни – Байытушы. Өзінің қай құлын
байытқысы келсе, шексіз ризық беріп байытады. Осы
арқылы сынайды. Байлықтың барлығы Оған
қайтарылады.
90. ع ُنِما َال Әл-Мәниғ – Харам етуші, рұқсат бермеуші. Ол
Өз құлдарына кейбір нәрсені харам етеді. Өзінің
сүйікті құлдарын залымдардан қорғайды.
91. َّضار ال ُّ Әд-Дзарр – Қалағанын зиянға душар етуші.
Азап ретінде кейбір құлдарына күнәлары үшін зиян
келтіреді.
َّا ِف ُع .92
الن Ән-Нафиғ – Пайда беруші. Өз жаратқан
мақұлықтарына пайда береді. Кейбір құлдарының
пайдасын көбейтеді.
ور .93
ُّ
الن ُ Ән-Нуру – Нұрландырушы, Нұр беруші.
Әртүрлі жетіспеушіліктерден пәк. Бұл дүниені Өз
нұрымен нұрландырып тұрады. Соқырға нұрды көру
үшін көз нұрын, жанар береді. Адасқандарды тура
жолға салады. Осы керемет есімді қайталап жүрген
адам қайғыға салынбайды.
94. دىِھا َال Әл-Һәди – Апарушы, Жүргізуші, Ілестіруші.
Мустақим жолға салушы. Жүректерді хақты табу үшін
бағыттайды. Дінде немесе дүнияуи амалда пайда
беретін нәрсеге жолықтырады.
َ ِدی ُع .95
الب Әл-Бәдиғ – Жаратушы. Ешбір нұсқа,
мысалсыз жаратады. Оның биік сипаттарына ешкім
жете алмайды.
َا ِقى .96
الب Әл-Бақи – Бақи, Мәңгі. Ол мәңгілік жасайды.
Ол тірілмейді де, өлмейді. Егер бұл есімді күніне 1000
рет қайталап жүрсе, Алла Тағала қасіреттен аман
сақтайды.
97. وار َال ث ُ ِ Әл-Уарис – Мұра Иесі. Барлық мұра Алла
Тағалада.
98. الر شید َِّ ُ Әр-Рашид – Салушы. Ол Өз құлдарын пайда
беретін жолға салады. Өз даналығымен билік
жүргізеді.
ُور .99
َّصب ال ُ Әс-Сабур – Сабыр иесі. Ол сабырмен
құлдарының күнәларын кешіріп, азабын тездетпейді.
Кім осыны меңгеріп, 100 рет Алланы еске алып зікір
етсе, сол күннің бәле-жаласынан аман жүреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *