Безектеу, безілдеу, безіреңдеу, тызақтау, быжылдау, быжалақтау, дызақтау, шырылдау, шырқырау, дызалақтау

 Күйіп-пісіпшыжбалақтау, шыжалақтау. Мен ақтығымды айтып құр безектей бердім (С. Сейфуллин). Осы кезде қыз баланың безілдеп жылаған дауысы шықты (С. Алдабергенов). Егер де қар-сылассаң, безіреңдеп, Жалғаннан жан боларсың күдер үзген (Ғ. Малдыбаев). Мелдес ағаң аппақ болса, неменеге байбалам салып тызақтап жүр (С. Шаймерденов). Сіз, операция жасағанда быжылдап, Тыныш таппай шыжылдап, отырмайтын ба ек босағаңда! (А. Тоқмағамбетов). Айдын бы-жалақтаған досын босатып жіберді де, алыс биікте қарауытқан жұмбақ қо-рымға тағы қарады (К. Соқабаев). Жақын дызақтап қатты кейігенмен, жұдырық көтерері жоқ, шығасыз жан (М. Сүндетов). Емшектегі баламның шырылдаған дауысы құлағымнан кетер емес (Ғ. Сланов). Балалардың шыр-қырап сілесі қатып, зар қағып жатқандары да бар (Ғ. Мүсірепов). Елдің бір-лік-ынтымағы ыдырады деп, дызалақтап жүргендер де бар (С. Омаров).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *