Қадір-құрметке бөленген, беделге ие, абыройыбар. Аудан жұртшылығына беделді Әшір бұл жолғы сөзін бір ғанамақтауға арнады («Алғы шептегілер»). Айсұлулар да астықты төкпей-шашпай жинап алып, абыройлы болғысы келеді (Ә. Әбішев). Оның сөзі қырдың қазағы түгіл, дуанның ұлығына да өтімді (I. Жансүгіров). Өткір, өз ортасына ықпалды Лиза өз ұсынысын өткізді (С. Мұқанов). Мерейлі еңбегімен көпті қуантып жүрген озат тракторшы бұл тұстажол тартып еді (Т. Қаупынбаев). Жаңа түс-кен келіншектің ауыл үйге сыйымды болуы абысын-ажынға байланысты (Ә. Нұрпейісов). Байболам деп ойлама, Қойды сүйреп, жылқы ұрлап, Абиырлымын деп ойлама, әркімге тиіп бұрқылдап (I. Жансүгіров). Ендігі бір айтарым, қайда жүрсеңдер де қайырымды, әрдайым мерейлі, бақытты бо-лыңдар (К. Асанов). Өлім болса алдымда, Мәртебелі ағалар, Тыңдармысыз арызымды, Демім бітер алдымда (М. Әуезов).