1. Мал, аң байлау, жүктi буып-түю, киiз үйдiң қаңқасын таңып-бекiту үшiн жүннен, қылдан т.б. жасалған жуан, ұзын жiп түрiндегi шаруашылық құралы. 2. малшар. Көбiнесе қылдан, жүннен жасалатын, мал бай лауға арналған ұзын, жуан жiп, байлап-матау құралы. 3. Киiз үйдi таңып-бекiтуге арналған бау-шуы. 4. Жүктi буып-түюге арналған та ңып-бекiту құралы, ұзын, жуан жiп. 5. т е х . Темiр, болат т.б. металл сымдардан есiлген жуан, ұзын жiп. 6. т о қ ы м а. Жiп иiру өндiрiсiнде және мата тоқу фабрикасында өндiрiлетiн мақта мен зығырдан жасалатын жуандығы 10-60 мм бұйым