Бақыру, ақыру, бажылдау, ойбайлау, аттандау, айқайлау, шыңғы-ру, қышқыру

 Баж-баж етіп қатты дауыс шығару, ащы дауыспен байбалам салу, улап-шулау. Құр айғай бақырған. Құлаққа ән беекен? Өнерсіз шатылған, Кісіге сән бе екен? (Абай). Алыстан Түйебайдың аюдай ақырған даусы естіліп, денені түршіктіреді (Ә. Әбішев). Шарафиянов айғай мен пәле сөзді айтып, көп бажылдаса да, төбелеске бата алмай, тайқи берді (М. Әуезов). Кенет, әуелі әлдене дүсір ете түскендей болды да, ойбайлаған қыз даусы оқыс естілді (Қ. Исаев). Молдаш қарт бар дауысымен аттандап, баласының жанына жете бере сүрініп жығылды (К.Сегізбаев). Ызаланған төбеттер өршеленіп қыздың өзіне тап бергенде, қыз қорыққанынан айқайлап жіберді (М. Қаратаев). Жау әскері басқан жерден оқта-текте шыңғырған әйелі не бала даусы шығады да, тына қалады (Ғ. Сланов). Пашка атай бір түрлі дауыспен қышқырып кеп жіберді (Қ. Қайсенов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *