Ерте кезден, бұрынғы уақыттан бері.Әбілов жол-дас баяғыдан таныс жігіттерді басынан бастап бір таныстырып шықты (Ғ. Мүсірепов). Ақжолдың шешесі Қанипа өзімнің де ежелден сыйлас қадірлі адамым деп еді (Н. Ғабдуллин). Қазақ, өзбекхалықтары ертеден араласып, ежелден достасқан (Ғ. Мүсірепов). Бұл жалғыз үй қашаннан-ақ төрт жолдың торабында тұр (Қ. Исабаев). Темір ұсталығы бұл әулеттің заманнан бері жалғасып келе жатқан кәсібі («Жетісу»). Аңшылардың бұл кезеңге бұрыннан соғып қойған тас оба қорғаны бар екен (Ш. Айманов). Жеңеше-ау, ол әлми-сақтан бері қарай ел-елді қыдырып жүрген Қалекеш қой (X. Есенжанов). Ол ел сонау елауадан бері отырықшы — егін егеді, балық аулайды (Б. Аманшин).