Өзім дегенге жанын беретін жақыншыл.Кәріліктің таянғанын ойлаған сайын адам тәубешіл, алыс-жақынды танығыш, бауырмал болатын сияқты (А. Жақсыбаев). Мен де өзіңдей бауырмашыл жан едім, Тірлігіммен мен де өзіңе тән едім (А. Шакенов). Әлімхан әрі туысқан-шыл, әрі балажанды адам еді (Ж. Жұмаханов). Е, өзің емес пе туысшыл, шақырып жүрген, — деп Қабекең оны шалып өтті (X. Рахимов). Өз шешең —бауырсақ, өгей шешең — сарымсақ (М. Әлімбаев). Ол кісіге жақын, тез тілде-сіп, шүйіркелесе қалатын үйірсек, бауырмал жігіт (Ә. Нұрпейісов). Бай бола-мын деген жігіт айырбасшыл келеді, Адам болайын деген жігіт қарындасшыл келеді (Мақал). Ат арқасына ер батса, аяңшыл болады, Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады (Мақал).