Барлық, барша, бар, бәрі, күллі, түгел, тегіс, тамам, дүйім, мұқым, әмбе, бүкіл, бүтін, бүтіл, тұтас, исі, жамиғы, тайлы-таяғы, толайым, кіл, жұмлә

Тұтасымен, бүтіндей, дерліктей.Біз штабқа кіргенкезде бар-лық офицерлер подполковникке тікесінен тік тұрып ізет көрсетті (Б. Момышұлы). Соғыс жылдарында барша Аксай аулы жіп иіру тоқыма фаб-рикасына айналып кеткен сияқты еді (Ш. Мұртазаев). Арыстаны арқаның, Асқақтап түрған ер Мәлік, Ерлігіңе сүйсініп, Ерім деп сүйді бар халык (Ғ. Мұстафин). Әйелдердің бәрі үнсіз жылап, аһ ұрып, күрсініп отыр (М. Әуезов). Ол «жиналған күллі халықтың көзінше мұны жалғыз мен емес, жұрттың бәрі айтады», — деді (М. Гумеров). Елекең кітаптарды өз қолына ал-ып, іші-сыртын түгел қарап шықты (Қ. Жұмаділов). Әке кәсібінен бастап өзімнің қалай оқығаныма дейін қызыға тегіс айтып бердім (Ж. Саин). Аралбайдың лақтырған тасы өрге домалап, тамам елді аузына қаратып алған (С. Омаров). Дүйім жұрттың ішінде абыройын айрандай төккені үшін інішектің, сірә, үлкен кісіге көңілі калса керек (Қ. Бектұрғанов). Өзін мұқым ел алдында айыпты санап, күйрек ойдан баз кеше алмай, әуре-сарсаң болып еді (С. Омаров). Жазба әдебиетіміздің  тарихы жас екені әмбеге белгілі (Ә. Тәжібаев). Осы бір адал ниетті шағын отбасымен бүкіл бір тайпа ел бірге қуанды (А. Байтуғанов). Бүтін Қазақстанның бүгінгісін сөз қылғанда алғыс-пен айтар, қуанышпен айтар, мақтанып айтар (Ә. Жәмішев). Кәкітайдың бастыруы Абайдың көп өлеңін бүтіл Қазақстан өлкесіне таратуға себегі болғаны рас (М. Әуезов). Қоспақ санамақ түгіл, шұқыр-шұқырдағы қойдың аумағын да тұтас көре алмайды (Т. Ахтанов). Бұл содан бері ат үстінде, со-дан бері исі түрікменнің Дүйімғараға қаны қатулы (Ә. Кекілбаев). Атамыз ал-ыс болғанмен жамиғы қазақ бірге туған. Бір бәлеге жолығар, Есебін таппай сөз қуған («Үш ғасыр жырлайды»). Ауыл адамдары тайлы-таяғына дейін жүгіріп, шатырлы үйге қарай шұбырады (С. Жүнісов). Сөйлеушілер талай мәселені толайым қозғап, татымды пікірлерін ортаға салды (М. Әуезов). Бұлүйдің үстіңгі бөлмелеріне пулемет құрып, кіл сенімді адамдарды топтады (Ә. Нұрпейісов). Тамаша бір ғазал шығар бұл сөзге, біліп жүрсін жұмлә жұрттар Хафиз курсант («Шығыс жұлдыздары»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *