Балғын, балауса, жауқазын, уыздай, жап-жас, уылжыған

Толық-сыған, уылжыған жас. Балғын ұрпақ өзгеге емес, ең алдымен, ұстаздарына қарап бой түзейді (С. Байжанов). Қарсы алдында отырған балауса жігіттің адам жүрегін баурап алатын бір сиқыры бар екенінаңғарды (Ә. Кекілбаев). Дәлила ақыры ауруынан айыға алмай, өмірінің жауқазын шағында үзіліп кетті (X. Елебеков). Өмір бақи қыз білегінен ұстамаған уыздай бозбалалар ұйқыда (Т. Бердияров). Әйелдің біреуі — бүлдіршіндей жап-жас бойжеткен қыз, екіншісі ескі өңділеу (Қ. Сатыбалдин). Айнымаған Тоғжанның уылжы-ған жас күні (М. Әуезов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *