Бал ашып, ем-дом жасайтын діндарадамдар. Балгер-ге бал аштырып, бақсы ойнатып, Қалмаған құмалақшыайырмаған (I. Жансүгіров). Шешесі құмалақшы әжейге апта сайын барып, әскерден қайтуы жақындаған ұлына құмалақ аштырып жүрді («Лен. жас»). Бақсылардың қи-науынан, ажалынан бұрын өлген адамдардың балалық шақта талайын көрдік (С. Мұқанов). Тәуіп кемпір үшкіріп, дем салып жүргенмен, науқастың беті әлі бері қарайтын емес (М. Дүйсенов). Атам ауылдың басындағы балшы кем-пірге құмалақ тарттырмақ болды (Ә. Қыстаубаев). Адамдардың келешегін болжап біле алатын жауырыншылар бұл күндерде ара-тұра кездесіп қалады (X. Ақназаров). Ауырсақ бақсы мен құшнашқа шауып келдік бұдан бұрын (А. Жүнісов). Арада осындай күлкіге батырып жүретін шайқы болмаса, ажарлы топтың ойын-күлкісі де өрбімес еді (Ө. Күмісбаев).