Адамныңартында қалған ұрпағы, тұқымы.Үй жанында май шаңдақты бұрқылдатып, шауып жүрген екі бала — бір ұл, бір қыз Ахметтің көзіне оттай басылды (Ә. Нұрпейісов). Аппақ, кіршіксіз ана мейірімі бауырындағы перзентіне алдағы өмірден бақыт тіледі (М. Әуезов). Гүлдәрісі болсаонбір құрсақ көтерген екен, содан қалған жалғыз тұяқ осы — Пірәли (Ә. Тарази). Ақаң сол бір шұғыл жұмыстарда жүрген кездерде Ғазиза әлі мектеп есігін ашпаған балдырған болатын (С. Мыңжасарова). Біздің томпаңдаған баламыз болар ма еді. Шіркін жас иіске не жетсін (Т. Ахтанов). Араларында алданыш етер бір шикі өкпенің жоқтығы екеуінің де жанына батады (Т. Иманбеков).