Балағаттау, тілдеу, былапыттау, сыбау, боқтау

Біреудің түгінқал-дырмай тіл тигізу, жер-жебіріне жетіп ұрсу. Болмашы нәрсегебола ашу шақырып, қарамағындағы адамдарды балағаттайсың да жатасың, — деп ес-керту айтты (М. Ғабдуллин). — Неге тілдейді мені ол? — Тілдеп тұрған өзің ғой, — дейді Ғани (М. Иманжанов). Сатылғұл әйелдердің артынан жер тебініп, біл-генінше былапыттап өтті (Ж. Жұмаханов). Қатпа қара кемпір әйгілі бейпіл ауыздығымен бәрімізді де сыпыра сыбап жатыр (З. Иманбаев). Құрман зәрін шашып, жақсылықты жер-көкке сыйғызбайтын болып әке-бабасынан бері қарай боқтай бастады (М. Әуезов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *