Перзент көрмеген, баласы болмаған. Баласыз Жаңыл Қала-мүшті іштен шыққан перзентінен кем көрмейді(Т. Ахтанов). Мына кең дүни-еде адамға перзентсіз өтуден қиын не бар дейсіз (Ә. Ибрагимов). Аллаға шү-кір, тұяқсыз емес, артында қалған бір-екі қарғасы бар (М. Дүйсенов). Тұқым-сыз өткен бұл адам бар өмірін кедей-кепшік пен жетім-жесірлерге қамқорлық жасаумен өткізді («Лен. жас»). Шындықты бетке айтқанды жақсы көремін,менің бала жоқ қу бас екенім рас (М. Дүзенов). Кемпірдің жалғыз баласы со-ғыстан қайтпай, ұрпақсыз қалғанына іштей қан жылайды («Қаз. әдеб.»). Ел-жұртты құрмет тұтатын қария көп жасағанмен, бұл өмірден кіндіксіз кетті ғой («Мәдениет және тұрмыс»). Жалғыз үйден жұрнақсыз қалған мен ғана (С. Жүнісов).