Балам, балақай, балақан, бопам, бопашым, бопатайым

 Жасыүл-кендердің баланы, жасы кішіні еркелетіп, кішірейту мәнінде айтатын сөз. Балам, отыра ғой, аздап дем алып ал, — деп, әжей жанашырлық білдіріп қойды («Мәдениет және тұрмыс»). Қайғырма, балақай, Амангелдіге бар, ол саған береді, — деп Бектепберген орнынан тұрды (М. Жұмағұлов). Айтпаппын са-ған, балақан, Аспаны бар деп аспанның (Ж. Молдағалиев). Бопам-ау, мына-дай қайратты күшіңмен, мынадай қаруларыңмен әтештей қаршығаға қайдан алдырдың? — деді Нұралы (Ш. Айманов). Бопашымды енді қашан көрер екем? — деп анасы сыбырлай сөйлеп, күрсініп қойды («Лен. жас»).Бопатайым келіп көзайым болып қалдық («Қаз. әдеб.»).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *