Бай, мол, ен, көп, қыруар, ырғын

 Шамадан тыс, толып жатқан, есебі жоқ, сансыз. Қазақ ауыз әдебиетінің бір бай жері — Көкшетау(С. Мұқанов). Өнер түрі елде мол, өнім сыры жерде мол (Мақал). Ен тегін етке қолым тиіп тұрғанда білем-білем құйрықты, қос-қос қазыны оған да бердім, бұған да бердім (I. Жансүгіров). Тілі де, махаббаттың түрі де көп, Шегі жоқ, шыңырау терең түбі де жоқ (Ж. Молдағалиев). Ақыны, әнші, күйші қыруар жан Аймағын Жетісудың жинап алған, Сабаннан төсек, ерден жастық етіп, Жастарға жай салғызды ат қорадан (Жамбыл). Былтыр жүз гектар жерге егін егіп көріп еді, өнімі ырғын болды (С. Ақтаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *