Байлық, қазына, дәулет, игілік, кеніш, мүкәммал

Жиналған көп мал-мүлік, мол жиһаз, бағалы заттар. Мынадай байлықты қолына ұстата берген соң, көрейін оның қалай жанынсалмасын (С. Жүнісов). Енді осы қыруар қазынаны бұрынғы орнына апарып жасыруға да болмай қалды (О. Сәрсенбаев). Құнанбай қара шаңырақ иесі, қалың дәулет пен әмір, билік иесі (М. Әуезов). Ел дәулетін солықтырып, материалдық игіліктерді өндіруші адамдар таңғажайып кереметтер жасап жатыр («Қаз. әдеб.»). Арам, арам түбі -реніш, Адал, адал түбі — кеніш (Мақал). Оның Ақбақайда орыс байларынікіндей мол мүкәммалы, қарағай үйлері бар (Б. Аманшин).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *