Белгілі бір істің, ойдың қорытындысы, ортақ бір пікірге келушілік. Әкем оның сөзін қабағы түйіліп, салқын тындап отырды да, өз байлауын кесіп айтты (Н. Ғабдуллин). Үстірт сөйлеп, жеңіл байлам жасап тұрған бұл жігіттің сөзіне мен әрі кейіп, әрі ойланып қалдым (С. Шаймерденов). Ақылға келейік, қызып кетсек, мына бала бізді ажырата алмас, — деп атынан түсті, бітім ыңғайын білдірді (Д. Досжанов). Тек Бауыржан Момышұлымен ақырғы тоқтамға келгеннен кейін ғана Александр Бек кітап қолжазбасын баспасөз бетіне ұсынды (Ә. Нұршайықов). Гүлфайым оқуға түсетін болғандықтан, есебі алынсын деген шешімге келді (С. Бегалин). Қарт малшылармен ақылдасып шешкен ұйғарымы осы еді (С. Байжанов). Жақыпбектің сөзінен кейін Жарқын Сапармен қанша мәмлеге келейін десе де, бір иліге алмай-ақ қойған (М. Иманжанов).Сурет өнерінен, ән мен күйден хабары бар ойлы ақын сол айтыстардан өзі үшін үлкен бір арман алып кетіп еді (Ғ. Мүсір-епов).