Мемлекеттік қарулы күш. Лезде қаланың барлық көшесі танкі мен машинаға, сұр киінген әскерге толды (Ғ. Мүсірепов). Совет халқының құрыштай шыныққан жеңімпаз армиясы төрт жылға созылған Үлы Отан соғысында зұлым жаудыңтас-талқанын шығарды (С. Мұқанов). 1219 жылы қыркүйек айында Шыңғысханның жаса-ғы Отырар қаласына да жетеді (Т. Тұрлығұлов). Рахымжан өз құралыптас-тарын жиып алып, Амангелді қолына қосылуға Торғайға бет алды (Е. Өтетілеуов). Бұлар ауылға келісімен манағы қосынды сұрай бастады. Жұрт оларды қызыл емес, ақтардың қосыны деді (С. Сейфуллин). Бұл уақытта Ақша хан талап етіп, неше мың шеру әскер алып аттанды («Ер Тарғын»).