Әріптес, қызметтес, істес, кәсіптес, еңбектес, жұмыстас

Бірге жұмыс істейтін, қызметі бір. Әдепті, зиялы адамдар әріптесінің сөзін аяғына дейін тыңдап алады да, өз ойын сонсын барып айтады (С. Байжанов). Қыздың істес, қызметтес адамның жайын білгісі келген ғана сиқы байқалады (Т. Нұртазин). Еңбектес достары сияқты Мағауия да жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ісіне өз үлесін қосты («Қазақст. мект.»). Осы бір жайдары мінезді, абзал жанды жұмыстасым туралы сіздерге айтуға хақым бар сияқты (Ж. Қалмағамбетов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *