Елге билік жүргізуші лауазьшды адам. Жақсыдан әкім қойсаң,елді түзетер, жаманнан әкім қойсаң елді күйзелтер (Макал). Жаздың әдемі бір күнінде таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып,егілген ағаш-тарды көріп жүрді (Ы. Алтынсарин). Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қақ-қанға (Абай). Біреудің елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол (Мақал). Күні кеше аға боп қосылған жеті рудың өзінде қанша шора, қанша жақсы бар (Ә. Кекілбаев). Старшын қасында отырған екі мырзаның бетіне өздеріне байқатпай кезек-кезек қарады (Б. Аманшнн). Бұзақылар бүйтсең бек боласың, бүйтсең мықты атанасың деп, ауқатшыларды азғырғалы әлек болып жүр (Абай). Елбегі — түркі тілдес халықтар арасындағы жергілікті әкімнің лауазымы («Ана тілі»). Арғы атамыз кім болғанын өзі біледі, әкелеріміз бай да, манап та болмаған («Самғау»).