Бірімен-бірі ауыз жаласқан,ымы-жымы бір, көңілдес, сырлас. Бұғыбайдың бұл ауылға келгеніне бір-ақ жыл болса да, тез үйренісіп, көбімен әкей-үкей араласып кетіпті (С. Омаров). Балкаш пен Мүсәпір көптен таныс, көптен әмпей адамдар сияқты (С. Мұқанов). Бұрыннан әмпей-жәмпей Жамағат екеуі оңай-ақ сөйлесті (Ғ. Сланов).