Әйел, қатын, ұрғашы, ақжаулық, шүйкебас, төмен етек

 Адам баласының ұрғашы жыныстылары. Жетектеген жеті жасар баласыбар әйел қара жолмен келе жатыр (С. Ерубаев). Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәрімен белін буғап (Абай). Қажыке-ау, күні құрсын ұрғашының, Билігі болмаған соң бір басының. Берген соң темір-терсек ит те алады, Бұ-лындай берекесіз арбашының (Сара). Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақжаулық, үшінші байлық — он саулық (Мақал). Өзіне бір шүйкебас алып берсең, үй болып кетейін-ақ деп тұр (С. Жүнісов). Заты ұрғашы демесең төменетек, әйелдің көрдім сондай бағлан керін (Әсет).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *