Ерлі-зайыпты адамдардың ұрғашыжыныс-тылары. Әйелің жақсы болса, қонағың мен үйіңнің тұрағы(«Ел аузынан»), Ұрының қатыны өзіне лайық дегендей, жұбайы да өзіне лайық екен-ау (Ө. Тұрманжанов). Бала-шағасының анасы, отыз жыл отасқан зайыбы Ақбике аяқ астынан ауруханаға түсіп қалды (Ж. Алтайбаев). Ұзын қара пешпентті, ұзын шашты, жамағатты итеріп, біреудің жолын ашты (М. Әуезов). Қаты-ны өзінен он бес жас кіші екен («Әдебиет майданы»). Жас жігітке жайдары күлім қаққан, Жарын көріп жүрегі тыным тапқан (Ә. Тәжібаев). Сенің анаң Зейнеп көп жыл отасқан қосағым еді (А. Мекебаев). Мұнаура әрі той иесі, әрі Қарабай мырзаның нақсүйері еді (Д. Әбілев). Келесі күні бай көршіміздің бәйбішесі біздің үйге ентігіп жүгіріп келді (С. Мәуленов). Нұртаза әлгі әзірде тоқалының үйінен шығып, екі шақырымдай жердегі қойлы ауылға келген (С. Жүнісов).