Әділ, әділетті, әділетшіл, ғаділетті, әділшіл

 Істің ақиқатын жақтағыш, турашыл. Осының салдарынан бізде әділ билік болмай, ел қүңіреніп, берген шағымдары босқа қалып отыр (А. Сатаев). Мұғалімнің қаталдығы әділетті оқушының ар-намысына тимейтін, қорламайтын болу керек («Халық мұғалімі»). Сәт үкімет басына ақылды, әділетшіл адамдар отырса дейтін үміттен де құр емес (С. Байжанов). Қиын дейді билерге, Шари-ғатты аударса, Ғаділ демей не дейміз, Төрені дұрыс берген соң («Қаз. ақын. шығ.). Ол жаратылысында әділшіл болам деген антын бұзған емес (А. Байтанаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *