Әдеттегідей, әдеттегіше, кәдімгідей, кәдуілгідей, күндегіше, әде-тінше, дағдысынша, қалпынша

 Бұрынғыдай, жайшылықтағыдай. Жұмыс әдеттегідей елең-алаңнан басталады да, қас қараяаяқталады (Н. Баяндин). Өзен де әдеттегіше күмісше сылдыр қақпай, ыза кернеп бұлқынғандай (С. Сарғасқаев). Онда шаршаған кісі кәдімгідей шешініп жатып дем алады (Ә. Шәрінов). Баласын босатқандар кәдуілгідей бөлектеніп, іргесін аулак салып жүре сөйлеседі (Ғ. Мүсірепов). Қарашаш атқа мініп, қойды күндегіше жың-ғылды сайға айдап апарып иірді (Ж. Нәжімеденов). Ол ертеңіне сол күндегі әдетінше түк болмағандай, кепкен тезекті жинап, түске дейін таба нанжапты (С. Мұратбеков). Палмақан күндегі дағдысынша мауыты шекпенін иғына желең жамылып, тысқа сейілге шықты (О. Сәрсенбаев). Алуан түрлі жұмыс жыл сайын сала-саласымен сол мерзімінен жазбастан өз қалпынша жүріп жатады (А. Байтанов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *