Белгілі бір халықтың әдет-ғұрпында тұрақтанып қалыптасқан этикалық төртіп, өнегелі ізгі қасиет. Біздің қа-зақ қыздары әдептен аттағысы келмей, кілең оранып-қымтанын жүр еді (Ө. Қанахин). Өңіне қарап ынжық деуге бола ма? Жоқ, жоқ, ол шығыс әйелінің ана сүтімен бойына сінген сыпайылығы, ибасы (Т. Ахтанов). Өзінше инабат көрсетіп жылы жүзіне жылықабақпен жауап қатты (С.Бақбергенов). Үйге кіріп, қымыз ауыз тиіңіз, ата, — деп ырысты ибадат етті (Б.Дәулетбаев). Сөзге нарықсыз, әлденелерді айта салатын Нұржамал Жақыпбек десе құлдық ұрып, ізет білдіріп тұратын болды (М. Иманжанов).