Әдепті, ибадатты, инабатты, ізетті, ізетшіл, ибалы, ілтипатты

 Әдеп сақтағыш, тәрбие көрген, кішіпейіл. Бұл қызды ешкім жамандай алмас, бұн-дай әдепті, жатық болса, қыздарың жаман болмас (С. Мұқанов). Кішіпейіл, білімді, ойы зерек, ибадатты боп келсін, арсызданбай (Қ. Аманжолов). Ина-батты, ибалы жастардың әйелге көрсететін лайықты құрметіндей түсінді (Ә. Нұрпейісов). Бірақ кейін келе оған мінезін байқата бермей, ылғи сыпайы, ізетті қалпында ғана көрінді (Т. Ахтанов). Осындай ақжарқын, ізетшіл, үріп ауызға салғандай келбетті келінді жаманатқа қалай қиярсың (Ж. Мусин). Жасамыс әйел ибалы қылықпен иілді де, топты бастап, емхананы аралады (З. Шашкин). Әп-әдемі келіншектер, ақ тамақ қарлығаштар, көбінің сүп-сүйкімді ілтипатты күйеулері бар (М. Байғұтов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *