Әдемілеу, әдеміше, әдемірек, әсемдеу, әсемірек, сәнділеу, сәндірек, көркемдеу

Әжептәуір әдемі, әжептәуір көркем.Оңашадаөңі жұқа әде-мілеу бір баланы жомырақ етіп, Әділбектің өзі тамыр болып дауласады (М. Тиесов). Әдеміше келген, үстінде су жаңа ақ халаты бар сап-сары жігіт бөл-меге кірді (Ө. Қанахин). Күнзиладан Ақзейнеп әдемірек, беті сұлу еді (Ж. Молдағалиев). Жатақхананың қыздар тұратын бөлмесі әсемдеу безендірілген екен («Жетісу»). Үй тұрғызды тағы қайта тас қалап, Бұрынғыдан әсемірек басқарақ (Т. Молдағалиев). Сәнділеу киінген жігіт дастарқанның төріне шоқ-пардай болып отырды (С. Сейфуллин). Өзге тас үйлерден үлгісі, архитекту-расы да сәндірек жасалған үй Таңаттың көңіліне обкомғаең лайық үй тәрізденген (М. Әуезов). Есікті отыздар шамасындағы көркемдеу жігіт ашты (К. Туғанбаева).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *