Аяу, есіркеу, мүсіркеу, жебеу, обалсыну

 Біреуге жаны ашу,демеу болу. Күйеуі әйелін аяйды, әйелі күйеуін аяйды. Екеуі жиналыпкеп түрмеде жатқан баласын аяйды (Т. Әлімқұлов). Тапсырдым сізге налынып, толтырып жасқа көзімді, есірке деймін жалынып (Абай). Үрейлі шошып қалған Ма-риямды, Бәрі де мүсіркеді ортаға алды, Қорықпа, Мәриямжан, айқайынан, Шырқашы тағы да сол тағы да әнді (Қ. Бекхожин). Аттаныс алдында палатадағылар сапаршыны сөзбен жебеп, көңілін жұбатады (Б. Ырзабаев). Серікбай бейшара сықырлаған жолаушы болса обалсынып, қондырып аттан-дырады екен (Р. Тоқтаров).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *