Ішінде бүкпесі жоқ, істің алды-артын аңғармайтын. Қала көрмеген аңқау қазақтар өзінің би, болысына ғана емес, қала пысықтарына да жем (Ғ. Мұстафин). Бұл екеуінің қырдан келген аңғырт адамдар екенін байқап, қыр соңдарынан қал-мады (Н. Оразов). Адамға оңай ажал аңғал ерлік, өмірде мұндайларды талай көрдік (Н. Баймұратов). Аңғалсоқ батыр сынды жан екенсің, айта кет кім болсаң да атынды атап (І. Жансүгіров). Досымның мінезі алып ұшпа, кейде алаңғасар да аңқылдақ болатын (С. Бақбергенов). Қанша пысық болса да, Бұзаубек ақ көңіл, аңғалақ, арамдықты білмейді, қулыққа жоқ (С. Сейфуллин).