Амал, айла, лаж, шара, дауа, ила. Бір істі дұрыс атқарып шығудағы табылған ақыл, жол. Ақылмен амал тауып ерлік етіп, құртуға жау тұқымын құмарымыз (Қ. Айнабекұлы). Іштегі барлық жақсылық неше түрлі еппен, айламен жол тауып, өз дегенін істеу кереккерек (М. Әуезов). Тал түсте бағанағы кірме деген есікке кіріп кетті, бар ма лажың (Абай). Балтабек басқа шарасы болмаған соң, ақшаны алды да, ет іздеп кетті (С. Мұқанов).Қариялар мұндайда тағдырдың басқа салғанына дауа жоқ дейді («Жүздесу»). Іліп алар баспана жоқ, Сонда қайда оқытады? Қалай ойласа да, Ақмешіттен өзге ила жоқ (Қ. Құттыбаев).