Алым, салық, алым-салық, зекет, пітіh, алман, құшыр, долық, рамат

 Жеке адам мен кәсіпорындардан мін-детті түрде алынатын мемлекеттік төлемақы. Міне, алымдарын айдап екеуі келеді. Жылқы, сиыр аралас, бірер түйесі бар, елу-алпыс ірі қара айдап келеді (Ғ. Мұстафин). Өзара салық, астық салығы, тері-терсек салығы, әйтеуір қаптаған салық (С. Жүнісов). Шамадан тыс алым-салық титықтайтын кедей шаруашылығын одан бетер құлдырата береді (Т. Жангелдин). Ертеде зекет, үшкір жинап жүрген молда шалғай бір қазақ аулына келіпті (М. Тоқбергенов). Ал бақытты әр жерден шұқынып тап, Пітір, зекет, салықтан сытылып қап (Х. Ерғалиев). Патша әкімдерінің тапсырысымен халықтан алман жинады («Айқап»). Астығыңнан құшыр бер, Құраннан аят айтамын. Ақыретте иман бар, Не болмақшы жиған мал (Жамбыл). Жалғыз тайыншам-ды хажы Мекеге баратын жылы ауылнай болып жүріп раматқа алған (С. Мұқанов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *