Айбар, айбат, айбын, айдын, зіл, доңайбат, сес, ызбар, сұс, зәр

 Қаһарлы күштің адамның сескенділерлік, сескем алатындай үрейлі әсері, ық-палы.Қасымханның айбарына сескеніп, еш жауы оған қарсы соғыс аша алма-ған (І. Есенбердин). Жолбарыстай алты ұлдың Айбатынан сескеніп, келе алмады еш пенде Әзімбайдың қасына («Қамбар батыр»). Бәрінен айбыны артық батыр Науан, Қазақта батыр бар ма жеткен оған (Қ. Бекхожин) Қазаң бұзар үй тентексің, кісі ығысатын айдыны жоқ (М. Әуезов). Абай мен Шәке Оспанның қатты томырлығын, үнінде үлкен бір зіл барын байқады (М. Әуезов).Әсеннің тым ұзаққа созылған мылқау доңайбатты Мадиярды діңкелетіп, құртып барады (С. Омаров). Жан-жақтан қоршай келген төрт-бес ауыл жігіті тиісуге бата алмай, Сарынның сесінен қаймыға аңтарылып қалды (Б. Тәжібаев). Мөңкеннің ызбарынан сескеніп, бір топ сұлтандар хан тағына құтты болсын айтқалы келді (І. Есенберлин). Ауыл сыртынан мылтық атып келе жатқан солдаттардың сұсы жаман(М. Дүйсенов). Атарға оғы жоқ, жанарында жеп жіберерлік зәр бар (С. Жүнісов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *