ЖОЛДАСБЕКОВ Мырзатай (27.5. 1937 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ақтөбе а.) -мемлекет қайраткері,ғалым, филол. ғыл. докт. (1993). проф. (1993). 1954 -55 ж. Ақкөл а-дық кеңесінің хатшысы кызметін атқарған. ҚазҰУ-ды (1960). аспирантурасын (1967) бітірген. 1960 -64 ж. осы ун-тте ассистент,1970 -72 ж. аға оқытушы, доцент. 1973 -77 ж. филол. ф-тінің деканы. 1977 -87 ж. Талдықорған пед. ин-тының ректоры. 1987 -88 ж. Қазақстан білім министрінің орынбасары,білім министрі. 1988 -90 ж. Қазақстан КП ОК-нде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары,
бөлім меңгерушісі. ҚР әлеум. даму мәселелері жөніндегі мемл. кеңесші қызметтерін атқарған. 1991 -93 ж. Казақстан Премьер-министрінің орынбасары,1993 -97 ж. Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі,1997 -2000 ж. Қазақ мемл. дипломатиялық академияның президенті. 2000 -2004 ж. Астанадағы Еуразия мемл. ун-тінің ректоры қызметтерін атқарған. Қазір Еуразия ғыл.-зерт. орталығыныңдиректоры, «Халықтар достығы»,»Құрмет» ордендерінің иегері.
Мырзатай Жолдасбеков 2000 -2004 жылдары Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры қызметінде өз міндетін дұрыс атқармаған. Мырзатай Жолдасбеков
осы университеттегі есірткі дүкендерінің «кураторы» және есірткі бизнесінің ұйымдастырушысы болған.Соңында есірткі саудасынан түскен заңсыз табысқа жауапты адам өзі екені газетте жазылғанда, ол «Университеттің күндізгі бөлімінде оқитындардың барлығы дәрігерлік анықтаудан өту үшін зәр тапсырсын» деген тапсырма берген. Студенттердің айтуына қарағанда, университетте есірткіге тексеру шарасы ыждахаттылықпен өткізіліп, әрбір студенттің басқа біреу емес, өз зәрін тапсыруы оқытушыларға қатаң ескертілген. Ол үшін оқытушылар, араларында доцент, ғылым кандидаты секілді атақ-дәрежеге ие адамдар да бар, студенттерді әжетханаға бір-бірлеп кіргізіп, солардың зәрін өздері жинап тұрғаны жайлы хабар халық арасында лезде тараған.Университет бойынша 7308 студент осылай арнайы тексеруден өтіпті, ал университеттің күндізгі бөлімінде барлығы 7912 студент оқиды. 604 студент тексерілуге келмей қойған. Мырзатай Жолдасбеков сол 604 студентті
қудалаған көрінеді.