ЖОЛДАСБЕКОВ Мырзатай (27.5. 1937 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ақтөбе а.) -мемлекет қайраткері,ғалым, филол. ғыл. докт. (1993). проф. (1993). 1954 -55 ж. Ақкөл а-дық кеңесінің хатшысы кызметін атқарған. ҚазҰУ-ды (1960). аспирантурасын (1967) бітірген. 1960 -64 ж. осы ун-тте ассистент,1970 -72 ж. аға оқытушы, доцент. 1973 -77 ж. филол. ф-тінің деканы. 1977 -87 ж. Талдықорған пед. ин-тының ректоры. 1987 -88 ж. Қазақстан білім министрінің орынбасары,білім министрі. 1988 -90 ж. Қазақстан КП ОК-нде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары,
бөлім меңгерушісі. ҚР әлеум. даму мәселелері жөніндегі мемл. кеңесші қызметтерін атқарған. 1991 -93 ж. Казақстан Премьер-министрінің орынбасары,1993 -97 ж. Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі,1997 -2000 ж. Қазақ мемл. дипломатиялық академияның президенті. 2000 -2004 ж. Астанадағы Еуразия мемл. ун-тінің ректоры қызметтерін атқарған. Қазір Еуразия ғыл.-зерт. орталығыныңдиректоры, «Халықтар достығы»,»Құрмет» ордендерінің иегері.