1. Алтыбақанды сырықтың екi басына үш-үштен қосақтап байлап, оның екi басынан бiр деңгейде жiберiлген екi арқанға екi адам қарама қарсы отырып, төменiрек (50 см) жiберiлген арқанға аяқтарын тiреп тербетiлетiн әткеншек, қазақтың ұлттық ойыны. 2. а у ы с . Жастардың кешқұрым алтыбақан маңайына жиналып, алтыбақан теуiп, екi жақ болып бөлiнiп өткiзетiн кешкi сауығы.