ҚОЙШЫБАЙ ҚАРТТЫҢ АРМАНЫ

«Мінгенім дәйім менің көк есегім,
Күндіз-түн көк есекпен кеңесемін,
Жалыңнан бір ұстатсаң, шіркін жақсы ат,
Өмірде арманым бар демес едім», —
Деген де деген екен Қойшыбай шал,
Ат таппай, ағарғанша қара сақал…
Сол кезде орнап совет үкіметі,
Оған бір ат беріпті күдері жал.
Қойшеке, осы атты бір алшы, — депті,
— Құйғытып құмарыңнан қаншы, — депті.
Мал-мүлік байдікі емес, сендердікі,
Жасаңдар, жарлы менен жалшы! – депті.
Қойшекең мініп апты жүйрік атқа,
Еркінше шауыпты бір шартарапқа.
Балалар, енді менің арманым жоқ,
Қырандай бір құлшындым өлер шақта,
Ризамын, қарақтарым, мен сендерге,
Өкінбен — депті, — енді енсем көрге.
Қойшеке, айта керме өлім жайын,
Келесіз тоқсандарға, сексендерге, —
 
 
 

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *